Ауруханада екпе салдыру үшін кезекте тұрмыз. Бізден бұрын кіргелі тұрған əке мен шамамен 3-4 жасар баланың арасындағы əңгімеге ойға шомып отырған мен еріксіз құлақ тостым. Əкесі үйден шығарда балалар ойнайтын саябаққа барамыз деп айтқан болу керек.

- Əке, әлгінде айтқан саябақ осы жер ма?

- Ия, балам, дəл солай.

Бала, күтіп тұрған басқа балаларға қарап:

- Мына балалар да ойнау үшін күтіп тұр ма?

- Ия, менің ақылды ұлым, қалай түсініп қойдың? – деді, өтірігі көбейген əке.

Кезек келді, əке мен бала ішке кірді. Әдеттегіше, ине салдырған кез-келген балғын жылайтынындай, әлгі баланың да ауырсынып, жыламсыраған дауысы жаңғырды. Көзіндегі жасын да сүртіп үлгермеген бала бөлмеден шығар-шықпастан:

- Бұдан былай сен сияқты əкені жақсы көрмеймін. "СЕБЕБІ СЕН ӨТІРІКШІ ƏКЕСІҢ..!" деді, жақынының жалған сөзі үшін ашу-ызаға булығып..!

P.S: Әлгі әкеге бұл сөздер әсер етті ме, әлде тек айласын асыра алғандығына «алданды ма», білмеймін. Бірақ, бір ғана мысал көптің көкейіне ой салып, пайымын өзгертер деген ойдамын.  Олай болса бала мен ата-ана арасындағы сенім, құрмет, сүйіспеншілік ата-ананың шыншыл болуынан басталады деуге негіз бар. Себебі, әке не ана берген жалған уәделер бала жадынан із-түссіз жоғалып кетпейді. Ол бала жүрегіндегі сізге деген сенімсіздіктің кірпішін қалап, санасында сөзінің салмағы жоқ жандай сүйкімсіз ете береді. Ал екеуара сенім болмаған жерде балаға тəрбие беру мүмкін емес! Ендеше баланы жалған сөз айтып, жұбатпайық. Шындықты айтып, шын досымыз қылып өсірейік!

Нұрлыбек Шакизадаұлы,

«Нұр Ғасыр» облыстық

орталық мешітінің наиб имамы

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-01-15
404

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:368444

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:207892

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:39437

Әріптес сайттар