Барлық мақтау әлемдердің Жаратушысы - Аллаға болсын. Алланың сәлемі мен игілігі барша көркем мінез иесі болған, дінді түсіндіруде үмметіне үлгі болған ардақты Пайғамбарымызға болсын.

Исламды насихаттаушы адам ең әуелі дана, көркем мінезді және сырт келбеті де көркем болуы керек. Осы үш нәрсеге жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ.

 

Дінге шақыруда даналық жолын ұстану

Алла тағала Құран Кәрімде «Нахл» сүресінің 125-аятында былай дейді: «Раббыңның жолына даналықпен және көркем уағыздаумен шақыр».

Бұл аят пайғамбарымызға қатысты айтылғанымен, оның үкімі барлық дінге шақырушыларды қамтиды. Пайғамбарымыз да дінді жеткізген кезде керемет даналық жолын ұстанды. Алдына келген әрбір адамды жеке-жеке тыңдай білді. Уағызын өте жеңіл түрде жеткізді. Дінге шақыруда даналық жолын ұстануда мыналарды еске ұстаған жөн:

-Дінге қатысты мәселелерді өте жақсы меңгерген болуы керек.

- Ең жұмсақ сөздер және жылы сөздерді пайдалану. Алла Тағала: «адамдарға жақсы сөз айтыңдар» деу арқылы, осыны ұқтырады. Сонда ғана тыңдаушының көңілін аулап, жүрегіне жол таба аламыз.

- Дөрекі, ұнамсыз, түсінілуі қиын сөздерді қолданбау;

- Ыңғайлы уақытын және орнын таңдай білу;

-Тыңдаушының сеніміне ие болу. Сөзін шынайы сезініп, жүрекпен айту;

- Шариғатпен қатар мәселенің саяси тұстарын да ескеру, яғни үмметке пайдалы болатын жағын ескере отырып, сол жолда даналықты ұстану.

- Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) қолданған тәсілін қолдану, яғни қуанту, сүйіншілеу, үміт беру арқылы олардың арасында жанып тұрған шырақ сияқты болу.

- Мәселелерді түсіндірерде тыңдаушының деңгейімен санасу.

- Қазіргі заманауи ғылыммен санаса отырып, уағызында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану.

Осы жолдарды қолданған уақытта сіз адамдардың жүректеріне жол таба білесіз және уағызыңыз түсінікті әрі өтімді болады.

 

Дінге шақырушының көркем мінез иесі болуы

Дінге шақырушы адам ең әуелі өзі көркем мінездермен сипатталған болуы керек. Олай болмаған жағдайда сіздің уағызыңыз аса пайдалы, өтімді бола қоймайды. Сол үшін де Алла тағала Мұса мен Харунға Ферғауынға барып уағыз айтар уақытта жұмсақ болуды бұйырды. Ферғауын шектен шығып, өзін Құдайға теңеп тұрса да, оған жұмсақ сөйлеуді бұйырды.

Пайғамбарымыз ең алғаш дінді алып келген кезде адамдардың оған илануы және оның соңынан еруі бойынан табылған көркем мінездер себепті еді. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) да: «Мен көркем мінездерді толықтыру үшін жіберілдім» дейді. Басқа бір сөзінде: «Сендердің ең жақсыларың көркем мінезді болғандарың» дейді. Құран аяттары мен пайғамбар хадистерінің түпкі мағынасы адамдарды көркем мінезге жеткізу және қоғамда бір-біріне жаны ашитын, бауырмал, әділ қоғам құру болып табылады. Тіпті құлшылықтарың өзі адам баласын көркем мінезге жетелеп, арсыздықтан тыяды. Өйткені Алла Тағала Құранда былай дейді:

«Намаз оқы. Расында намаз арсыздықтан және жаман істерден қайтарады».

Небір мұхит, құрлық асып, насихатталған Ислам діні ең әуелі мұсылмандардың көркем мінездері себепті жетіп, жүректерден орын алды. Қанша адам мұсылмандардың көркем мінезіне куә болып, дінді қабылдады.

 

Дінге шақырушының сырт келбетінің әдемі болуы

Дінге шақырушы уағызшының тағы бір сипаттарының бірі - сырт келбетінің әдемі, тартымды, көрікті болуы. Ол өз ортасында киімінің де, жаны мен тәнінің де тазалығымен, жүріс-тұрысымен ерекшеленіп тұруы керек. Пайғамбарымыз сахабаларына бір сапардан бауырларына оралып келе жатқанда былай деген еді:

«Сендер бауырларыңа келе жатырсыңдар. Сондықтан көліктеріңді дұрыс қалыпқа келтіріп, киімдеріңді әдемілеңдер. Сондай дәрежеде әдемі болсын, сендер адамдар арасындағы мең сияқты (көзге бірінші болып түсетіндей) болыңдар. Өйткені Алла ұсқынсыздықты және жаман сөздерді жақсы көрмейді». Демек, аппақ денеде қара мең қалай бірден көзге түсетін болса, Исламды уағыздаушы адам да әдемілігі, сырт келбеті, тазалығымен бірінші көзге түсуі керек. Оның киімі таза әрі жарасымды, шаш-сақалы ұқыпты әрі жинақы, тырнағы алынған, үстінен хош иіс шығып тұруы керек. Бұл да уағыздың өтімді болуына өзіндік әсерін тигізеді.

Пайғамбарымыз басқа бір хадисте: «Алла Тағала (құлдарын әдемі қылып жаратушы) және әдемілікті жақсы көреді» деген. Олай болса адамның табиғаты әдемілікке бейім болып келеді. Сондай адам көрсе, соған ұқсағысы келеді. Бір хадисте пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Ұзақ сапардан келген, шашы ұйпа-тұйпа, үсті-басы шаң-шаң бір адам екі қолын аспанға жайып: «Уа, Раббым, уа, Раббым!» деп дұға қылады. Оның жегені арам, ішкені арам, кигені арам, араммен қоректенсе, оның дұғасы қайдан қабыл болсын».

Олай болса дінге шақыру одан да ұлы іс болғандықтан, ол адалдық пен әдемілікті, көркемдікті әлдеқайда керек етеді. Алла исламның дәрежесін асқақтатып, оны көркем түрде насихаттаушылардан етсін.

Руслан Елемесов,

«Қабақ баба» мешітінің

Бас имамы

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2018-01-07
381

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:371028

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:210038

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:43830

Әріптес сайттар