Өкілдік күн тәртібінен түсірмеген діни кадр тарту мәселесі өткірлігін жойды. Ақтөбе мешіттері бүгінде имамдармен тегіс қамтылды. Соңғы екі жыл ішінде қызметке тартылған 40-қа жуық имамның бірқатары – тәжірибелі теологтар. Соның бірі - өткен жылы Темір ауданына бас имамдыққа тағайындалған Мадияр Пірімқұлов. Діни басқарманың жолдауымен Алматыдан арнайы келген теологтың жұмыс барысы жайлы білдік.

 

 

Жамағатты бірлікке ұйыстыратын шаралар

«Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі Мадияр Пірімқұлов бұған дейін Алматы қаласындағы «Таугүл 3», «Нұр» мешіттерінде ұстаздық, имамдық қызмет атқарған. Шәкірт тәрбиелеп, асыл дінімізді насихаттау, жамағатты бірлікке ұйыту бағытында жемісті жұмыс жасаған.  

Қазір МадиярТағайбайұлы – аудан орталығындағы «Досжан ишан» мешітінде бас имам. Ауданның діни ахуалы тұрақты. Қырық мыңға жуық халық қоныстанған ауданда 7 мешіт бар. Алғашқыда адасқан ағым өкілдерімен тартысты мәселелерде біраз таласқа түскендігін айтқан ол түсіндіру жұмыстарын тұрақты қолға алған. Намазда «әминді» іштей айту, жамағатпен дұға жасаудың жаиздығы жайлы түсіндіріп, одан өзге мәселелерде де мәзһаб ұстануға шақырған. Аудан ахуалын тұрақтандыру үшін Асқар Мұқанов, Қабылбек Әліпбайұлы секілді білікті теологтар да келіп, жамағатпен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізген.

- Жамағаттың ауызбіршілігін арттыру мақсатында табиғат аясына шығу, сенбіліктер секілді топтық іс-шаралар жиі ұйымдастырамыз. Оған ағымның арбауында жүрген бауырларымызды тартуға тырысамыз. Бірі келсе, бірі келуден бас тартып жатады. Сондай-ақ, мешітімізде күнделікті құптан намазы алдында уағыз айтылып, жамағаттың сауалдарына жауап беріледі. Бейсенбі сайын ауызашар дастарханын жаюды үрдіске айналдырдық. Осы тектес жұмыстар жыл бойына жалғасты. Қазір жағдай тұрақталды. Намаздағы әркелкіліктің біраз саябырсығанын байқау қиын емес. Тұрақты жамағатымыз толысып, жұмаға, діни сауат ашу курсына келушілердің де қарасы көбейіп келеді, - дейді имам.

Мешіттегі ер және әйелдерге арналған діни сауат ашу курстарында өткен жылы 30-ға жуық шәкірт тұрақты сабақ алған. Жалпы, жамағаттың басым бөлігін осында вахталық әдіспен жұмыс жасаушылар құрайтын болғандықтан, сабақ кестесінің сақталуы қиынға соғады. Десе де, ынта білдіріп, ыждағаттылықпен оқып жатқандар бар. 1, 2 пара Құран жаттағандар да кездеседі. Тіпті мешіттен сауат ашқан екі шәкірт қазір «Ақтөбе медресе» колледжінде білім алуда. Аталмыш курс жұмысы биыл да жандандырылған.

 

Мешіттің үш бөлмесі жөндеуден өтті

Бас мешіт бірнеше жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Қапталмай, қаңқа күйінде тұрған мұнарасынан бастап, ішкі сылақтарына дейін әбден ескірген еді.  Бүгінде бұл мәселе де оңды шешімін тауып келеді. Имамның ыждағатылығының арқасында бір жыл ішінде мешіттің үш бөлмесіне күрделі жөндеу жүргізіліп, кеңейтілді. Жарлары жаңа түске сырланып, әктеліп, төбесі де заманауи үлгіде жасалды. Мешіттің темір мұнарасы қапталып, сыртқы есігі ауыстырылды. Сондай-ақ, қазір мешіт ауласында жаңа тахаратхананың құрылыс жұмыстары жүруде. Оған инфрақұрылым толық тартылып, автономды жылу жүйесіне дейін жүргізілген. Жалпы бұл аталған құрылыс жұмыстарына жергілікті кәсіпкерлер, мешіт жамағаты демеушілік етіп, 2 млн-нан астам жуық қаражат жұмсалған. 

Бұдан бөлек, 136000 теңгеге жаңа дыбыс ұлғайтқыш аппараттар алынып, 20 дана Құран қоюға арналған ағаш сүйемелдер жасалды. Екі үлкен кітап сөресі жасалды құны 30000 мыңнан 60000 теңгені құрайды. Кітап қоры 250 дана кітаппен толықты. Соның ішінде, аудан әкімшілігінің демеушілігімен 100 дана «Матуриди ақидасындағы таңдаулы тақырыптар», 50 «Ислам ғылымхалы» және одан бөлек 100 дана «Мұғалім сани» сатып алынды.

 

Аудан әлеуеті де – мешіт назарында

Мешітке өткен жылы «Жақсылықта жарысайық!» атты қайырымдылық акциясы қолға алынған. Соның аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен көмек беру үрдісі қалыптасты. Бүгінгі күнге дейін 200-ден аса отбасыға азық-түлік пакеттері беріліп, ай сайын 5 мектеп оқушысына 3000 теңгеден барлығы 90000 теңге және медресе шәкірттерне 50000 теңге шәкіртақы берілді. Құрбан айт мерекесінде 100 отбасыға 400 кг ет үлестірілді. Сондай-ақ, жамағатпен бірге Қарттар үйіне зиярат етіліп, көмек есебінде 150 кг ет, 700 дана жаялық апарылды. Сондай-ақ, Шұбарқұдық балалар үйіне шамамен 50000 теңге көмек көрсетілді.

Мешіт құжаттарын рәсімдеу жұмыстары да ретке келтірілуде. Өткен жылдан бері аудандағы 3 мешіттің жері мен ғимараты діни басқарма балансына берілді. Атап айтқанда, Құмқұдық, Шұбарқұдық кəсіпшілігі және Шұбарши мешіттері.

Мешітте осы және өзге де жұмыстар жалғасын табуда. Имамның айтуынша, тұрақты демеушілер табылса, мешіттің қалған бөлмелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Десе де, бастысы – діни тұрақтылық. Жат түсініктің таралуына жол бермеу. «Дәстүріміз мен ұлттық дүниетанымымызға қайшы түсініктер мен оны уағыздаушылардың уысына түспес үшін күш біріктіру қажет. Сонда ғана оған қарсы  тұра аламыз», - дейді бас имам.

 

Индира ІЗБАСҚАН,

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз хатшысы

 

WhatsApp Image 2017 12 27 at 15.00.1513

 

WhatsApp Image 2017 12 27 at 15.00.155

 

Мешіттің жөндеу жұмыстарынан кейінгі көрінісі

WhatsApp Image 2017 12 27 at 15.00.1512

 

WhatsApp Image 2017 12 27 at 15.00.159

 

WhatsApp Image 2017 12 27 at 15.00.1510

 

WhatsApp Image 2017 12 27 at 15.00.158

 

WhatsApp Image 2017 12 27 at 15.00.157

 

WhatsApp Image 2017 12 27 at 15.00.156

 

WhatsApp Image 2017 12 27 at 15.00.1511

 

Жаңа дәретхананың құрылысы

WhatsApp Image 2017 12 27 at 15.00.153

 

WhatsApp Image 2017 12 27 at 15.00.151

 

WhatsApp Image 2017 12 27 at 15.00.152

 

WhatsApp Image 2017 12 27 at 15.00.15

 

      Мешіт жамағаты

20170310 132422

 

IMG 20170602 WA0047

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-12-25
585

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:371028

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:210038

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:43830

Әріптес сайттар