Пайда үшін құлшылық жасау жайлы ой бөліскім келеді. Мәселен, жолым ашылсын немесе жұмысым жүрсін деп садақа беріп жатады. Бұл бейне бір «мен – саған, сен – маған» деген ереже бойынша әрекет ету сияқты. Дос-жаранға және ағайын-туысқа бір көмегіміз тисе, соның қайтымын күтеміз.

 

Тіпті, тойға шақырғанда тояна бермесе, арамыз суып кетеді. Міне, мұндай құбылыс болатынын біліп ардақты пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Туыстыққа туыстықпен жауап бергенге сый-сияпат жоқ[1]», - деген. Біздің Құдаймен қарым-қатынасымыз осындай боп бара жатқан тәрізді. Емтихан, сауда-саттық немесе басқа да маңызды бір мәселе туындаған сәтте садақа беріп, түнде дұға жасап, ғибадат ете бастайды. Шаруасы біткен соң, барлығын қоямыз. Тіпті, түнде тұрып дұға жасау секілді қиын емес құлшылықты да ұмытамыз. Сонымен бірге, қиыншылық пен сындарлы сәтте құлшылық етуі және дұға-тілек жасауы арта түседі. Ал, қиыншылығы шешілген соң, құлшылықты да, дұға етуде де доғара салады.

Құран Кәрімде: «Адамдардан Аллаға немқұрайлы құлшылық қылатындар бар. Егер оған бір жақсылық келсе, сол себепті көңілдері орнығады да, егер оған бір кесір тисе, жалтарып, дүние, ақыретте зиян тартады. Міне бұл ашық зиян[2]», - деген аят бар. Аталмыш аят жайлы Құртуби тәпсірінде былай дейді: «Бұл аят яһуди кісіге қатысты түсті. Ол пайғамбарға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) келіп: Раббыңнан маған мал-дүние, түйе, жылқы және бала-шаға сұрашы мен иман келтірейін», - деді. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) оған арнап дұға етіп еді, Алла Тағала яһуди қалағандай ризық-несібені берді. Уақыт өте келе Алла Тағала, барлығын жақсы Білуші, оны сынамақ болды. Яһуди мұсылман болған соң, берген мал-дәулетін де, бала-шағасын да алып қойды. Яһуди пайғамбарға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) келіп: Мені кешір, мұсылман болғаннан кейін көзімнен, мал-дүниемнен және бала-шағамнан да айырылдым, - деп мұсылман болудан бас тартты. Сонда, жоғарыдағы аят уахи етілген еді.

Кейбір тәпсіршілер аяттағы «немқұрайлы» сөзін ешбір сенімсіз күдік-күмәнмен деп түсіндірсе, кейбірі тұрақты табыс және ұдайы жақсылық шартымен құлшылық ету деп талдаған. Ал, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шынайы мұсылманды жақсылықта да, қиыншылықта да Құдайға шүкіршілік етуді ұмытпайтын адам деп сипаттаған.

Негізі, адамдар бейне бір кеніш сияқты: ішіндегі қазынасы немесе қоқысы күндердің күні сыртқа шығады. Бұл жөнінде: «Адамдар – кеніш, олардың жаһилиеттегі жақсылары егер түсінсе Исламда да жақсы...[3]»,-деген хадис бар. Міне, сондықтан шынайы мұсылман кеңшілік пен таршылықта өзінің имани болмысын жоғалтып алмайды. Сондықтан «Анығында, амалдар ниеттерге жараса. Шындығында, әрбір адам өзі ниет еткенге қол жеткізеді...», - деген хадис адамдар бірдей құлшылық етсе де, ниеттері әр түрлі болғандықтан алатын сауабы мен сыбағасы да әртүрлі деңгейде болатынын аңғартады. Түйіндей айтқанда, Құдайды жақсы көремін деген сөз тілге жеңіл. Бірақ, сол айтылған сөзді іспен қуаттау үшін қиын һәм ауыр шақтарда да құлшылыққа және құлшылық мәйегі ықыласқа берік болу ләзім.

МҰСА Ербатыр,

арнайы nurgasyr.kz үшін

 


[1] Муслим

[2] Хаж сүресі, 11-аят

[3]Муслим

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-12-05
145

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:366200

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:205674

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34767

Әріптес сайттар