Өткен жылы Ақтөбе облысындағы мешіттерді діни кадрмен қамту мәселесін ҚМДБ күн тәртібіне көтерді. Осы мақсатта Мұғалжар, Темір аудандарына бас имамдыққа Алматы қаласынан білікті мамандар қызметке тартылды. Соның бірі - Мұғалжардағы «Нұртай» мешітіне келген Ерболат Жүсіпов. Ол – имам әрі теолог. Мұнайлы ауданға бас имам боп тағайындалған оның бір жылдық жұмысы нендей нәтиже берді? Жат ағымның зардабы бәсеңсіді ме? Мешіттің бүгінгі жай-күйі қалай? Теологтың жұмысын таразылау мақсатында өзімен тілдесіп, сұхбат құрдық.

 

- Ерболат Нұрылдаұлы, қай жерде білім алдыңыз? Діни қызметке қалай келдіңіз? Әңгімемізді осыдан бастасақ.

- Аса қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Аллаға сансыз мадақ, Пайғамбарымызға салауаттар болғай.

Алғашқы діни білімді Сарыағаш медресесінде алдым. Кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірдім. Сонымен қатар, Сирия Араб мемлекетіндегі шетелдіктерге арналған Араб тілі институтының толық курсынан өттім. Исламтану және Дінтану мамандықтары бойынша магистрлік ғылыми дәрежем бар. Магистрант кезімде Мысырдағы «Әл-Әзһар» және Малайзиядағы Сұлтан Зайнул Абидин атындағы университеттерде іс-тәжірибеден өтіп, білімімді жетілдіруге мүмкіндік алдым. Діни қызметті оқумен қатар алып жүрдім. Жалпы дін саласындағы еңбек өтілім – 10 жыл. Бұған дейін Өскемен, Алматы қалаларында ұстаздық, имамдық қызметте болдым. 2016 жылы қыркүйек айында Алматы қаласы, Алатау аудандық «Заря востока» мешітінің наиб имамы қызметінен Мұғалжар ауданына Бас Мүфтидің жолдауымен ауысып келдім.

- Аудандағы қазіргі діни ахуал қалай?

- Алғаш келгенімде, жамағат намазында әминді дауыстап айту, намаздан кейін Құран оқу, дұға жасау мәселесінде келіспеушіліктер болды. Жат ағымда жүрген бауырларымыз оның кейбірін бидғатқа балап, дінде жоқ деп дес бермейтін. Осылайша, көпке дейін қарсылық танытып келді. Алайда, діни басқарма қабылдаған мешіттің ішкі тәртіп-ережесін басшылыққа ала отырып, үздіксіз түсіндіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде жағдай бүгінде біршама тұрақталды. Біразы бұның бекер тартыспақ екенін түсінді. Мешітімізде қазір «әмин» дұғасы іштей айтылады.

Мешітте уағыз үзілмейді. Күнделікті құптан намазы алдында жамағатқа Ханафи мәзһабының үкім шығару әдісі, хадисті талдаудағы ерекшеліктері, дәлелдері, Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өмірі, басқа да тақырыптарда уағыз-насихат айтылады. Бұдан бөлек ауданымызға Бауыржан Әлиұлы, Бауыржан Әбдуәлі, Серікбек Құтышев, Жолдас Бердімұратов, Мәди Ахметов секілді танымал теологтар да келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

- Сізді Ембі қаласындағы қатал тәртіптегі түзеу мекемесіне жауапты теолог ретінде бекітті. Мұндағы түсіндіру жұмыстары қаншалықты нәтиже беруде?

- Сотталушылармен айына екі рет кездесемін. Мәзхаб ұстанудың маңыздылығы, Ханафи мектебінің хадис таңдаудағы әдіснамасы, Такфир жамағатының пайда болуы, өзге де теріс ағымдардың қоғамға кері әсері тақырыптары төңірегінде жеке және жалпы кездесулер өткізілуде. Нәтиже де бар. Жуырда бір сотталушы тәкфирлік радикалды көзқарасынан қайтты. Ол Смайыл Сейітбековтің «Мәзһабтар тарихы» атты кітабын 4 қайтара оқып шыққан екен. Пікірін өзгертуіне де ең әуелі осы кітап әсер еткен. Ізденісте жүргендігі, адасса да, ақиқатты аңсайтындығы көрініп-ақ тұр. Оған С.Сейітбековтің «Иман негіздері» атты еңбегін оқып шығуға кеңес бердім.

Сотталушылардың арасында бейімделушілік байқалады. Тіпті кейбіреулері маған туған іні-бауырларының мәзһаб ұстанбайтындығын айтып, теолог ретінде олармен кездесуімді сұрап жатады. Өтініштері бойынша бірқатар азаматтардың үйіне де бардым. Тілдесіп, олармен де осылай қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізудемін.

- Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан имамдары арасында жұмысыңыз үздік деп танылған болатын. Және бұл - бар болғаны төрт айғы табанды еңбектің жемісі. Осы аралықта атқарылған ауқымды іс-шараларға тоқталып өтсеңіз.

- Бірінші кезекте мешітте қайырымдылық шараларының ұйымдастыруды қолға алдық. «Жақсылықта жарысу – ізгіліктің жаршысы» деген ұранмен игі бастама көтеріп, ауданымыздағы әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға ай сайын садақа беру үрдісін қалыптастырдық. Бұл мешіт жәшігіне салынбайды. Әр азаматтың өз еркімен берген азық-түлік пен қаржысы арнайы дәптерге тіркеліп жазылып, қолы қойылады. Игі бастамаға аудан әкімі Ербол Жеткергенұлының өзі қолдау білдіріп, аудан әкімдігі қызметкерлері, жергілікті кәсіпкерлер мен мешіт жамағаты, имамдар да үлес қосты. Ай сайын жиналған қаражаттың бір бөлігі жағдайы төмен отбасыларға, екінші жартысы шәкіртақы есебінде берілетін. Ең алғашқы қайырымдылық шарасында 100 отбасыға азық-түлік пакеттерін үлестіріп, қала мектептеріндегі 25 үлгерімі үздік оқушыға 5000 теңге көлемінде шәкіртақы табыстадық.

Жалпы Мұғалжардың барлық мешіттерінде қайырымдылық жұмыстары жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 229 жанұяға 1145 кг азық-түлікпен және Құрбан айттан бөлек 22 жанұяға 140 кг етпен көмек берілді.

Қаржылай көрсетілген көмек көлемі – 157 адамға 1 513 000 теңге. Соның ішінде, 500 000 (жарты миллион) теңге 100 мектеп оқушысына шәкіртақы ретінде үлестірілді. Бұдан бөлек жағдайы төмен және көп балалы 105 отбасыға 420 кг киім-кешекпен көмек берілді. Дәл осы игі бастаманың аясында қарт кісілерді зиярат ету, сырқаттанса, көңілін сұрап бару сынды сауапты істер де қолға алынды. Осы ретте, жамағатымызда бата беріп, ортаның көркі болып отыратын ақсақалдардың аздығы көңіл қынжылтатын. Сол себепті аудандық ардагерлер үйімен тығыз байланыс орнатып, апта сайын ондағы ақсақалдармен бас қосуды үрдіске айналдырдық. Бірінің бата беруді, екіншісінің Құран оқуды үйрет деген өтініштерін де орындап жүрміз.

- Аудан мешітіне - биыл жиырма жыл. Осыған дейін күрделі жөндеу көрмеген құлшылық үйінің қазіргі келбеті көз тартады. Біраз жұмыс атқарылғаны байқалады.

- Рас, мешітіміз жөндеу жүргізуге сұранып-ақ тұрған еді. Сондықтан, осы мәселе күн тәртібіне енгізілді. Бұл өз кезегінде жергілікті ірі кәсіпкерлердің бірі Бақытжан Қадыралинмен таныстығымызға себеп болды. Кәсіпкермен алдағы жоспарыммен бөлісіп, мешіттің бүгінгі жай-күйін түсіндірдім. Ол кісінің дінге деген жанашырлығына Алла разы болсын, көмек беруге келісті. Сөйтіп, өз жұмысшыларына дейін жұмылдырып, бір аптаның ішінде мешіттің үлкен залына күрделі жөндеу жүргізді. Төбесі жаңартылып, қабырға, ұстындарына дейін тегіс сырланып, әктелді. Кейін көктемде мешіттің пайдаланусыз тұрған бөлмесі әйелдер намазханасы ретінде ашылып, ол да толық жөндеуден өтті. Мешіт сырты, күмбезі, шарбаққа дейін сырланып, ауласына жабық алаң салынды. Осының барлығы Бақытжан Дүйсенұлының демеушілігімен жүзеге асты.

Көктемгі абаттандыру жұмыстарына жамағат та жұмылдырылып, мешіт ауласына 115 алма ағашы, 10 шырша, 100 түп терек отырғызылды. Ендігі мәселе – мешіт дәретханасын жаңарту. Себебі қазіргі жуынатын бөлме әбден ескірген. Жақында мешіт жанынан жаңа дәретхананың құрылыс жұмыстарын бастап кеттік. Оған мешіт жамағаты жәрдемдесуде. Әлі де қаржылай жәрдем беруге ерікті азаматтар болса, көмек қажет.

- Мешіт құжаттарын рәсімдеу жұмыстары қалай жүруде?

- Ауданымызда барлығы 10 мешіт бар. Соңғы екі жылдың ішінде өкіл имамның ыждаһаттылығының арқасында 3 мешіттің жері мен ғимараты ҚМДБ балансына өтті. Атап айтқанда, Ембі қалалық «Нұр» мешіті, «Жаңажол вахталық» мешіті мен Сағашилі елдімекеніндегі «Ерболат Камалұлы» мешіті. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Алайда, көп жағдайда жерге тиесілі құжаттардың толық болмауы, кезінде уақытылы толтырылмауы аздап қиындықтар тудыруда.

- Жамағаттың ауызбіршілігін арттыру бағытында қандай іс-шаралар атқарылуда?

- Салауаттылық та – пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті. Сондықтан спортқа да уақыт таба білу керек. Бұл бағытта да жақсы үрдіс қалыптастырдық. Жексенбі сайын жамағатпен қалалық спорт мектебінде бас қосып, бірге футбол ойнап, гір көтеруден жарысамыз. Биыл Бас мүфтидің жүлдесі үшін қазақша күрестен кезекті республикалық турнир өтті. Оның облыстық іріктеу сайысында аудан спортшысы Ерлан Көзбағаров бауырымыз жақсы ойын көрсетіп, республикалық сайысқа жолдама алды. Бұл додаға аудан әкімінің демеушілігімен жамағатымыздан жанкүйерлер де барып, қолдау көрсетті.

Сондай-ақ, әр аптаның дүйсенбі күні мешітте ауызашар ұйымдастырылады. Себебі, дүйсенбі және бейсенбі күндері нәпіл ораза тұту – пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қалған сүннет, ал ауызашар беру де соған тең келетін сауапты амал. Бұл бастаманы алғашында мешіт имамдары болып көтергенбіз. Кейін ол жамағат тарапынан қызу қолдау тауып, әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Жергілікті кәсіпкерлер, жамағат өздері бірігіп, мейлінше қарапайым мәзірмен дастархан жаяды. Аталмыш шаралардың жамағаттың бірлігін арттыруда септігі мол.

- Рамазанды қалай қарсы алдыңыздар?

- Биыл Рамазан айы жамағаттың ерекше есінде қалды. Мешітімізде күніге ауызашар дастархандары жайылып, оған аудан әкімі де ұйытқы болды. Астана қаласынан арнайы шарқыртылға екі қари тарауих намазын жүргізді. Аудан мешітінде алғаш рет 15 күннің ішінде Құран хатым етіліп, хатым дұғасы оқылды.

Ораза айт және Құрбан айт мерекелерінде мешіт ауласында қазақша күрес, гір көтеру, арқан тартыс, т.б. ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар берілді. Биылғы Құрбан айт мерекесінде 660 адамға дастархан жайылып, жалпы аудан бойынша 507 адамға 3047 кг ет таратылды.

- Мешіттегі сауат ашу курсына келетін шәкірттер қатары көп пе?

- Өткен жылғы тоғыз айлық сауат ашу курсында 199 шәкірт қамтылды. Жастар әсіресе, Құран жаттауға белсенді. Биылғы өткен облыстық Құран жарысына төрт шәкіртіміз қатысты. Нұрбек Нұрлыбекұлы есімді шәкіртіміз жеңіске жетті. Бұл жеңісте, әлбетте, ұстаздарымыздың да үлесі бар.

Биыл Мұғалжардан 1 студент «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетіне грантқа оқуға қабылданды. Тағы екі талапкер «Ақтөбе медресесі» колледжіне оқуға түсіп, қазіргі таңда жалпы саны 4 мұғалжарлық медреседе білім алуда. Олармен үнемі тығыз байланыстамыз. Медресе шәкірттеріне шәкіртақы тағайындау үрдісі де оң ықпалы етуде. Колледж директоры Ә. Дәуренбековтың айтуынша, жоғарғы курста оқитын алғашқы екі шәкіртіміздің әуел баста сабақ үлгерімдері орташа болған. Кейін мешіт атынан шәкіртақы тағайындалғаннан кейін олардың жігері қайралып, оқуға ерекше деген ынта-ықыластары оянған екен. Тіпті, екеуі де білім рейтингісінде көш басынан көрініп, жақсы нәтиже көрсеткен. Жалпы осы уақытқа дейін медресенің 23 медресе шәкіртіне 145000 теңге шәкіртақы берілді.

- Өкіл имам Төлеби Оспанның бастамасымен Ақтөбеде сәуір айында ауқымды конференция өткізілді. Онда облыс халқына ортақ садақа мәзірі қабылданды. Аталмыш мәзір аудандарыңызда қаншалықты насихатталуда?

- Садақа дастарханының мейлінше қарапайым болуы керектігі жиын-отырыстарда аз-кем айтылып жүрген жоқ. Бұған аудандық ардагерлер үйінің ақсақалдары атсалысуда. Сәйкесінше жергілікті халық та бұған ақырындап бет бұрып келеді. Соңғы кездері садақа дастарханына жеміс-жидектер мен салаттар, қуырылған тауық, шұжық секілді тағам түрлері көп қойылмайды.

- Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

- Тұрақты демеушілер табылып жатса, мешіттің өзге бөлмелерін де күрделі жөндеуден өткізіп, сабақ өтетін сыныптарды кеңейтіп, дәретхана ғимаратын пайдалануға берсек дейміз.

- Сұхбатыңызға рахмет!

 

Сұхбаттасқан: Индира ІЗБАСҚАН,

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз хатшысы

 

4

 

5

 

6

 

7

 

8

 

10

 

11

 

12

 

17

 

9

 

DSC 0174

 

DSC 0177

 

DSC 0185

 

DSC 0212

 

DSC 0198

 

DSC 0203

 

IMG 9602

 

новый коллаж

 

НҰРТАЙ МЕШІТІ 1

 

НҰРТАЙ МЕШІТІ 2

 

 

ЖҰМАҒА КЕЛУШІ ЖАМАҒАТ

 

жума 2

 

жума 5

 

жума 1

 

жума 4

 

жума 6

 

жума 3

 

ЖАҢА ДӘРЕТХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

23032356 360550644414894 1023950660712829614 n

 

23131548 360550654414893 7897353709359929216 n

 

23131897 360550787748213 1340255376208479194 n

 

23130741 360550777748214 1190760718052000425 n

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-11-15
340

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:369775

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:209041

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:41558

Әріптес сайттар