Бірде, өлім сәті жақындаған қария балық, өсиет айтпақ ниетімен, жас балықтарды жинап алыпты. Ол өсиетінде: «Мына судың сыртында адам деген жаратылыс өмір сүреді. Олар сендер жақсы көретін тағамды қармағына салып, сендерді судың сыртына алып кетеді. Ол жақта сендерді аршып, тазалап, майға қуырып жейді. Сондықтан, абай болыңдар!» — депті. Сөйтіп, ол қария балық дүниеден өткен.

Күндердің бір күнінде жас балықтар судың астында ойнап жүрген шақта балықшы келіп, балықтың жақсы көрер тамағын салып, қармағын тастаған екен. Оны бір жас балық  көре сала соған қарай ұмтылады. Мұны байқаған басқа балық: «Тоқта! Әлгі қарияның айтқаны есіңнен шықты ма? Абай бол!» — деп ескертіпті. Бұған әуелгі балық: «Ол жаққа кім барып келіпті?»  — деп, сүйікті тағамын шап беріп, балықшының қармағына іліккен екен.

Осы әңгімедегі жас балық қайтып келіп: «Ол жақта, шынымен, бізді аршып, тазалап, майға қуырып жейді екен» — деп айта ала ма? Әлбетте жоқ! Міне, осылайша, дүниеден өткен адамдар оралып, біздерде о жақта не бар екенін хабардар ете алмайды. Онда біз О дүние жайлы хабарларды қайдан алдық? Бұрыңғының сандырағы мен ертегісі ма? Бұл мәселені түсіну үшін бізге «иман ету» сөзге тоқталу қажет.

Иман сөзі – илану, сену деген мағынаны білдіреді. Қазақта «имандай сену» — деген сөз тіркесі бар. Адам өзі сенімді адамның әкелген хабарына имандай сенеді. Мұсылманның иманды делінуінің астарында осы жатыр. Ол Алла мен Оның елшісі – Мұхаммед пайғамбардың әкелгеніне, еш күмәнсіз, иланады. Ал, О дүние жағдайы ғайып нәрсе. Мұсылман, ол жаққа барып келмесе де, Құран Кәрімде және Пайғамбар хадистерінде айтылғандықтан, толыққанды сенеді. Себебі, Алла тағала Бақара сүресінің алғашқы аяттарында-ақ мүминдерді сипаттай келе: «…ғайыпқа сенетіндер…» — деген. Демек, мұсылман адам көрмеген нәрсесіне иланады, тек ол жайында, Алла мен Пайғамбар  хабардар еткен болғаны. Ал, Алла Құранның көп жерінде, Екі дүние сардары Мұхаммед те өз хадистерінде қабірдегі жағдайды, Қиямет қайым мен Жұмақ, Тозақ жайлы баяндаған. Сол себепті, өзін иманды һәм мұсылман санаған пенде ол жаққа барып келмесе де, айтылғанға илануы тиіс.

Ал, сенбейтін адам, Алла жөнін салмаса, қандай дәлел келтірсең де сенбейді екен. Солай болатынын Жаратқан Иеміз Әнғам сүресінің 111 аятында Өзі хабардар етуде:

«Егер оларға періштелерді түсірсек те, оларға өліктер сөйлесе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар сенбес. Әрине, Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді».

Сондықтан, білместікпен, «Ол жаққа кім барып келіпті?» дейтіндердерден болмаңыз!

 

Қанат Алшынбаев

Науан хазрет мешітінің наиб имамы.

Көкшетау қ. 2017 ж.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-11-10
566

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:371094

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:210093

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Намазды қай кезде оқымаған дұрыс?

Айша анамыз (р.а.): &laqu...

26-09-2016 Просмотров:44116

Әріптес сайттар