Оның толық аты-жөні – Хажжаж бин Юсуф, сақаф руынан шыққан Уммауи халифалар әулетінің қолбасшысы. Батырлығымен қоса ерекше шешен әрі тапқыр кісі болған.Алайда, тарих оның асқан зұлымдығына да куә. Бұл жолғы әңгіме оның әйелі жайлы. Ол Муһаллабқызы Һинд есімді әйел. Хажжаж оны еркінен тыс зорлықпен некелеп алады. Амалсыз көніп, залым қолбасшының әйелі боп тіршілігін жасай бастайды.

Күйеуі Хажжаж түзде өте дөрекі әрі қатал. Айналасын қырып-жоятын басшы. Босағадан аттаған кезде жұмсақ әрі мейірімді болудың орнына жайсыз отағасы боп шықты. Һинд келін боп түскен күннен бері Хажжаждың қабағы ашылғанын көрмеген екен.

Бір күні таңертең жуынып-шайынып алып, айна алдында шашын тарап отырады. Мұңын айтатын ешкімі жоқ Һинд айнаға қарап өз-өзімен әңгімелесе бастайды. Осы кезде әдетінен тыс сарайына келіп қалған Хажжаж да әйелінің сөздеріне куә болады. «Иә, Һинд! - деп сөзін бастады әйел. Сен текті тұлпардан туған асыл тұқымды бие едің. Бірақ, анау не ат, не есек емес қашырға тұрмысқа шықтың. Ертең құлындап, маңдайы жарқыраған сәйгүлік тусаң, сенің абыройың. Ал, қашыр тусаң, тегіне тартқаны», - деп Хажжаждың өзіне тең еместігін айтып отырады. Мұндайды күтпеген Хажжаж ашуға булығып, аузына сөз түспей қалады. Өзінше жалған намысы оянып, теріс бұрылып шығып кетті. Сол бойда тартып отырып қызметтік сарайына барып, қызметшісін шақырып алып: «Бар, анау әйеліме: «Қожайының саған талақ берді» деп айт. Бірақ екі ауыз сөзбен жеткіз. Егер үш сөз болса, құрыдым дей бер. Денеңнен басыңды бөліп аламын», - деп ашуын бейшара қызметшісіне көрсетеді. Диірменде туған тышқан найзағайдан қорықпайды дегендей, мұндайдың талайын көрген қызметші де құп деп, Хажжаждың үйіне жетіп келеді. Жол бойына не айтарын ойлап ақыры былай дейді: «Едіңіз, талақсыз», - дейді. Яғни, әйелі едіңіз, енді сіз талақсыз дегені. Әйел де ешбір қобалжымай: «Едік – қуанбадық, талақпыз – өкінбейміз», - дейді.

«Отыз тістен шыққан сөз отыз елге тарайды» дегендей, бұл әңгіме Дамаскіде отырған халифа Абдулмалик бин Маруанға да жетеді. Иддасы, яғни ажырасқаннан кейінгі отыру уақыты біткен соң әрі сұлу, әрі парасатты әйелге халифа құда түсіп, әке-шешесіне хабаршы жібереді. Ата-ана мұны құп көреді, Һинде те келіседі. Бірақ, халифаға бір шарт қояды. Келіншектің жасауын астанаға Хажжаж бастаған арнайы әскери жасақтың алып баруын қалайды. Халифа да дегенің болсын деп тиісті тапсырмасын береді. Межелі күні келіншектің керуені жолға шығады. Һинд мінген түйенің шылбырын Хажжаждың өзі жетектеп келе жатады. Әйел емес пе, бұрынғы есесін қайтарғысы кеп, әдейі жерге алтын теңгені қолынан түсіріп алғандай болады да: «Ей, бала! Анау күміс теңгені әперіп жіберші», - деп Хажжажға айтады. Ойынша ештеңе жоқ ол: «Ханым, мінекейіңіз, бірақ бұл алтын теңге екен», -дейді. Сонда Һинд: «Күміс теңгемді алтын теңгеге ауыстырған Құдайға мың да бір шүкір», - деген екен.

Мұса ЕРБАТЫР,

арнайы nurgasyr.kz үшін

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-09-08
612

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:363589

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:203121

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34697

Әріптес сайттар