Қасиетті Зүлхиджа айы басталып, Құрбан айт мерекесі тойланар уақытта мұсылмандардың дені атқарусыз қалдырған немесе мән бермейтін құлшылық түрі бар. Ол – тәшриқ тәкбірі.


Бүгінгі мақаламызда, бұл құлшылықтың маңыздылығы мен осы мәселеге қатысты шариғат үкімдерін баяндайтын боламыз.


Жалпы тәшриқ тәкбірінің тарихы Хазiретi Ибраһим (ғалайһис-сәләм) өзiнiң баласы Хазiретi Исмаилдi (ғалайһис-сәләм) құрбан ету үшiн жерге жатқызған кезiнен бастау алады. Сол кезде Алла Тағала Жәбірейiлге (ғалайһис-сәләм) Исмаилдiң (ғалайһис-сәләм) құрбандығы болатын жерге өзiмен бiрге соның өтеуiн (фидиясын) алып кетудi бұйырған едi. Жәбірейiл (ғалайһис-сәләм) сол жерге жеткенде, Ибраһим (ғалайһис-сәләм) баласын өлтiредi деп қорқып:


«Аллаһу әкбар!», — дей бастады. Оның даусын естiген Хазiретi Ибрахим (ғалайһис-сәләм) бұны ризашылық деп ойлап:


«Лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбар», — деп айқайлап жiбередi. Хазiретi Исмаил (ғалайһис-сәләм) өтеуiнiң (фидия) уақыты келдi деп, Алланы мадақтап, оған шүкiршiлiк ету үшiн орнынан тұрды да:


«Аллаһу әкбар уә лилләһил хамд», — дедi.


Алла Тағала Құранда айтады:


«Санаулы тәшриқ күндері Алланы еске алыңдар!»[1]


Тәшриқ күндері – деп Құрбан айттан кейінгі үш күнді айтады. Ташриқ сөзі «күнге кептіру» деген мағына береді. Себебі, осы күндері адамдар құрбандыққа шалған малдарын күнге кептіретін болған.


Тәшриқ тәкбірдің айтылуы:


اللَّهُ أَكْبَرُ اللَّهُ أَكْبَرُ لَا إلَهَ إلَّا اللَّهُ وَاَللَّهُ أَكْبَرُ اللَّهُ أَكْبَرُ وَلِلَّهِ الْحَمْد


«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә иләһә илләллаһу, Аллаху әкбар, Аллаху әкбар, уә лилләһил хәмд.»


Тәшриқ тәкбірінің уақыты — зүлхиджаның 9-күнгі таң намазынан кейін айтылып басталып, содан әр парыз намаздың соңында айтылады, әрі осылай зүлхиджаның 13-күнгі асыр намазының соңына дейін жалғасады. Яғни, ташриқ тәкбірі барлығын қосқанда 23 парыз намаздың соңында айтылады. [2]


Умаир ибн Сағид (радиаллаһу әнһ) жеткізеді:


«Әли (радиаллаһу әнһ) тәкбирлерді Арафа күнінің таңынан соңғы тәшриқ күнінің асыр намазына дейін айтатын.» [3]


Тәшриқ тәкбірін мейлі жамағатпен, мейлі жалғыз атқарылған әрбір парыз намаздан кейін айту әрбір ер адамға да, әйелге де, тұрғылықты кісігі де, жолаушы кісіге де бір рет айту уәжіп болады. Ер адамдар дауыстарын көтеріңкі қалыпты айтса, әйелдер бәсең үнмен іштей айтуы керек. [4]


Тәшриқ тәкбірін айт намазынан кейін де айту керек. [6]


Хайыз немесе нифас халіндегі әйелге бұл тәкбірлерді айтуына болмайды. Оның орнына кез келген зікір түрлерін айтуына болады. [7]


Сондай-ақ, кімде-кім бұл амалды атқаруға мән бермесе, уәжіпті тәрк еткені үшін күнәлі болады. [8]


Егер кімде-кім тәшриқ күндері намазын қаза етсе, тәшриқ тәкбірін сол қаза намазын өтегеннен кейін барып айтуы керек. [9]


Егер кімде-кім парыз намаздан кейін ташриқ тәкбірін айтуды ұмытып кетіп кейін есіне түсірсе, әрі намаз оқыған жерінде және ешкіммен сөйлеспеген болса, онда ташриқ тәкбірін айтуы керек. Алайда, айналасындағылармен тілдескен болса немес дүниелік істермен айналысып кетсе, онда ташриқ тәкбірін тәрк еткен болады. [10]


Мақаламыздың соңында, сахабалардың бұл амалға қаншалықты мән бергені жайлы хадисті келтіруді жөн көрдік:


«Омар (радиаллаһу әнһ) Минада тігілген шатырында тәкбир айтатын. Оны естіген мешіттегілер де базардағылар да тәкбир айтатын. Мина тіпті тәкбірден дірілдеп кететін. Ибн Омар да (радиаллаһу әнһумә) тәшриқ күндері Минада, намаздардың соңында да, төсегінде де, шатырында да, отырысында да тәшриқ күндері бойы тәкбир айтатын. Мәймуна анамыз (радиаллаһу әнһә) Құрбан айт күні тәкбир айтатын. Сондай-ақ, әйел кісілер де мешітте Әбән ибн Османның, Омар ибн Абдул-Азиздің арттарында тұрып, тәшриқ түндерінде ер кісілермен бірге тәкбир айтатын.» [11]


ЕСКЕРТУ: Ташриқ тәкбірі 11-қыркүйектің таң намазынан кейін басталып, 15-қыркүйектің асыр намазына дейін әрбір парыз намаздан кейін айтылады.


Сөз соңында, Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға мадақтар болсын!


HANAFI.kz сайты

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-08-31
262

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:362449

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:202061

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34213

Әріптес сайттар