Тәкбір-тәшриқ деп арапа күні таң намазынан бастап, Құрбан айтының төртінші күні екінтіге (асырға) дейінгі әр парыз намазының соңында сәлем бергеннен кейін оқылатын дұғаны айтамыз. Бұл дұғаны оқу – намаз оқуға міндетті әрбір жанға уәжіп. Өйткені, Құран Кәрімде: «Санаулы күндері (тәкбір тәшриқ күндері) Алланы зікір етіңдер»[Бақара–203 аят.], – деп бұйырған.


Ал, санаулы күн деп Әзірет Әли арапа күнгі таң намазынан бастап, айттың төртінші күнгі екінті намазының соңын айтқан[ Бадаиғ –2/12 бет.], бұл аралыққа 23 парыз намазы енеді. [Осы пәтуаны арқау еткен Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммад. Ал, Имам Ағзам Әбу Ханифа «арапа күні таң намазынан бастап, айттың бірінші күні асыр намазының соңына дейін яғни 8 намаз уақыт соңында ғана айтылады. Сондай-ақ, бұл тек жамағатпен оқығанда ғана, муқим (жолаушы емес) кісілерге уәжіп. Ал, жолаушыға және намазды жалғыз оқушыға уәжіп емес» деген. (Хидая – 1/214 бет). Ханафи мәзһабында қабыл бекітілген пәтуа – екі имамдыкы. (Любаб – 1/118 бет)] 

Тәкбір-тәшриқ дұғасы мынадай: 


«Аллаху әкбар, Аллаху әкбар, лә иләһа иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаху әкбар уа лиллаһил хамд». 


Бұрынғы қаза болған намаздарын «тәшриқ» күндері өтегісі келген кісі, қаза намазының соңынан тәкбір-тәшриқ дұғасын оқымайды. Ал, осы күндері намазын қаза етіп және оны осы күндері өтегісі келген кісі аталмыш дұғаны оқиды. Басқа күндері өтейтін болса, ол дұғаны оқымайды[Бадаиғ – 2/20 бет.]. 

«Тәшриқ» күндері деп зүлхижжа айының 11,12,13-күндерін, яғни айттың екінші, үшінші және төртінші күндерін айтамыз. Бұл күндерді бұлай аталуының себебі, (тәшриқ) ертеректе осы күндері сойылған құрбанның еттерін қажылар бұзылып кетпесін деп сүрлейтін болған. Сондықтан бұл күндерді тәшриқ – күнге кептіру күні деп атаған деседі [Мусталахатуль Фиқһия]. Тағы бір деректе «ташриқ – сыртқа шығару, көрсету деген мағынаға саятындықтан, мұндағы мағына тәкбір-тәшриқты дауыстап айтуды білдіреді» делінген. 


Хайызды және нифасты әйелдерге намаз оқу міндет болмағандықтан, тәкбір тәшриқ дұғаны айтпайды.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-08-31
387

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:362458

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:202068

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34362

Әріптес сайттар