ОСПАН Төлеби Дәділұлы – 16 тамыз 1981 жылы дүниге келген.

1997-1999 жылдары Шымкент қаласындағы «Дарул Арқам» құран курсында Құран жаттаған.

2000-2002 жылдары Алматы қаласындағы Ислам Институтына қарасты Қарилық бөлімінде білімінін шыңдады. 2000-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан Ашық университетінің Филология факультетінің сыртқы бөлімін бітірген. 2009 жылы Түркия Республикасының Болу қаласында 2 айлық имамдардың білімін жетілдіру курсынан өтті.

2012 жылдың наурыз-қыркүйек айларының арасында Түркияның Ыстамбұл қаласындағы діни біліктігін арттырған.

2011-2013 жылдары «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» факультетін тәмамдаған. Дін саласындағы қызметін 2002 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл-Қайрат ауылының Бас имамдығынан бастаған.

2003-2005 жылдары ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти көмекшісі болған. 2005-2006 жылдары Астана қаласындағы «С.Ғылмани» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.

2006-2016 жылдары аралығында Бас шаһардағы имандылық үйі – «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы қызметін абыроймен атқарған.

2007-2014 жылдары аралығында Астана қаласында өткен Мәуліт мерекесінің сценариі мен сахналық көріністерінің авторы. Сондай-ақ, «Әдемі әуезді азаншы» республикалық азаншылар жарысы мен «Жолың болсын, жас түлек!» жобасының авторы. Т.Оспанның қаламынан «Насихат айттым, Жамағат!...», «Азан жайлы не білеміз?» атты еңбектер туындаған.

2006 жылы Алла тағала сәтін салып, үлкен қажылық парызын өтеп келген.

2005 жылы Татарстан Республикасы, Қазан қаласының 100 жылдығына орай өткен халықаралық Құран жарысына қатысып, арнайы дипломмен марапатталған.

2010 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары V құрылтайының ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқаны үшін, 2011, 2015 жылдары Астана қаласындағы діни іс-шаралар мен үгіт-насихат жұмыстарына белсене араласқаны үшін Бас мүфти алғыс хатымен марапатталған.

2011 жылы Астана қаласы, Есіл ауданының 3 жылдық мерей тойына орай, аудан әкімі Қ.Жаңабергеновтың «Құрмет мадақтамасымен» марапатталған. ҚР Журналистер одағының мүшесі. Отбасылы, 2 қыз, 1 ұлы бар.

2016 жылдың 6-мамырынан бастап, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығымен ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2016-08-24
808

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:363572

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:203107

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34673

Әріптес сайттар