Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны келеді: «Кімде-кім кешкі намаздан кейін ешбір жаман сөз сөйлеместен, алты ракағат намаз оқыса, оған осы (алты ракағат намазы) үшін он екі жыл бойы ғибадат еткендей сауап жазылады» (Тирмизи, Сәләт, 431).

Хадисте келген намаз әууәбин намазы деп аталады. Бұл туралы өзге бір хадисте былай деп айтылады:

«Күннің ыстығынан ботаның тұяғы қызатын сәтте әууәбин намазы оқылады» (Мүслім, Сәләт, 19).

Өзге риуаятта Зейд ибн Арқамның мынадай сөзі келтіріледі: «Бірде Алланың Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Куба қаласына сапарлатып барып, тұрғындарымен кездесті. Қалаға жеткен соң олар намаз оқитын. Сонда Алланың Елшісі: «Әууәбин намазының уақыты – күннің ыстығынан боталардың тұяғы қызып бастаған сәт» - деген.

Бұған қатысты Имам Науауи (Алла оны рақым етсін) былай деген: «Біздің ғұламалар бұл уақытты дуһа намазын оқуға қолайлы уақыт деп есептеген. Ал дуһа намазы күн шыққан сәттен бастап түскі уақытқа дейін оқылады».

Әнастың (Алла оған разы болсын) «Зарият» сүресіндегі: «Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді» деген аятты оқып отырып, оған былай түсінік бергендігі риуаят етіледі: «Олар кешкі (ақшам) және түнгі намаздардың арасында нәпіл намаз оқиды» (Әбу Дәуіт, Сәләт, 312). Бұл жерде Әнас сахаба әууәбин намазы жайлы айтса керек.

Осыған байланысты кейбір ғұламалар әууәбин намазы осы аталған екі уақытта да оқыла береді деген пікірді алға тартқан. Дегенмен,  Ханафи ғалымдарының ортақ пікірі бойынша, әууәбин намазының уақыты - ақшамнан кейін.

Алла баршамыздың құлшылықтарымызды қабыл етсін!

Islam-today.ru сайтынан

аударған: nurgasyr.kz

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-02-09
928

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:363588

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:203120

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34696

Әріптес сайттар