Егер кімде-кім мұсылман бауырына не әпке-қарындасына өзге біреудің тіл тигізіп, ғайбат сөйлеп жатқанын естісе, мұны шамасы келгенше тоқтатуы керек.

Алайда, бұл жаман әдеттен тыю үшін адамға жеку керек деген сөз емес, мұсылман мұндай кезде де мейлінше жұмсақ мәміле жасау қажет. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Егер араларыңыздан кімде-кім (әлдебір) күнәлі істің (жасалып жатқандығын) көрсе, оны қолымен өзгертсін. Егер оның бұны (жасауға) шамасы келмесе, (онда әлгі күнәлі істі) тілімен (яғни, сөзімен мағынасында) тыйсын. (Оған да) шамасы жетпесе, онда (сол күнәлі істі) жүрегімен жек көрсін және бұл иманның ең әлсіз дәрежесі болмақ» (Мүслім).    

Егер жаныңыздағы адамдар өсек айтып, өзгені ғайбаттап жатқан болса, бұл жерден кетіп қалғаныңыз жөн. Осыған қатысты айтылған Қасиетті Құранның мына бір аяттарын еске түсіріңіз: «(Мұхаммед Ғ.С.) аяттарымыз турасында олардың әжуаға кіріскенін көрген сәтте, басқа сөзге кіріскендеріне шейін олардан бет бұр. Егер шайтан саған ұмыттырса, есіне түскеннен кейін залымдар тобымен бірге отырма!»

Алланың Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай деген: «Мұсылман бауырының абыройын қорғаған адамды Алла Тағала тозақтың отынан қорғайды».

Немесе мына бір хадисінде: «Мұсылман бауырын екіжүзді адамның (кесірінен) қорғаған адамға Алла Тағала Тозақтың отына шейін қорғайтын бір періште жібереді. Ал мұсылманды (жұрт алдында) ұятқа қалдырмақ ниетте айыптап, оған кінә артқан адамды Алла Тозаққа түсіреді және ол онда жазасын толық алғанға дейін болады» - деп келеді (Әбу Дәуіт).

Ірі тұлғалардың өмірінен

Бір күні Хасан әл-Басриге (Алла оған разы болсын) бір кісі келіп: «Пәленше сен туралы ғайбат сөйлеуде», - дейді. Ал Хасан әл-Басри болса әлгі кісіге құрмадан бір ыдыс дәм тарту етеді. Сонда ол: «Мен сен туралы ғайбат сөйледім, ал мен саған сыйлық жасағаның не?» - деп таңырқағанда, Хасан әл-Басри: «(Бұл ісің арқылы) сен маған өзіңнің жақсы амалдарыңды сыйладың, сол үшін саған алғысымды білдірмек болдым», - деген екен.

*** *** ***

Имам ибн Әл-Мүбәрак (Алла оған разы болсын) бір сөзінде: «Егер мен біреу жайлы ғайбат сөйлеуге мәжбүр болсам, онда ата-анамды ғайбаттаған болар едім. Себебі менің ізгі амалдарыма ортақтасуға ең әуелі сол кісілердің ақысы бар» - деген екен.

*** *** ***

Әмр ибн әл-Ас (Алла оған разы болсын) қасындағы бір топ адамдармен бірге шіріп жатқан қашырдың жанынан өтіп бара жатып былай деген екен: «Алламен ант етемін, сендер үшін өзге мұсылман бауырларыңның етін жегеннен (яғни, олар жайлы ғайбат сөйлеуден) гөрі, мына өлексені жеп қарын тойдырғандарың әлдеқайда қайырлы».

Islam.uz сайтынан аударған: www.nurgasyr.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шетелдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы nurgasyr.kz сайтына тиесілі.

Nurgasyr.kz сайтында жарияланған кез-келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде nurgasyr.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-01-18
717

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:362458

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:202068

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34362

Әріптес сайттар