Сахаба Әбу Һурайрадан (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) былай деп айтқан хадисі жеткізіледі:

 

سَبْعَةٌ يُظِلُّهُمُ اللَّهُ فِي ظِلِّهِ يَوْمَ لاَ ظِلَّ إِلاَّ ظِلُّهُ إِمَامٌ عَادِلٌ وَشَابٌّ نَشَأَ بِعِبَادَةِ اللَّهِ وَرَجُلٌ كَانَ قَلْبُهُ مُعَلَّقًا بِالْمَسْجِدِ إِذَا خَرَجَ مِنْهُ حَتَّى يَعُودَ إِلَيْهِ وَرَجُلاَنِ تَحَابَّا فِي اللَّهِ فَاجْتَمَعَا عَلَى ذَلِكَ وَتَفَرَّقَا وَرَجُلٌ ذَكَرَ اللَّهَ خَالِيًا فَفَاضَتْ عَيْنَاهُ وَرَجُلٌ دَعَتْهُ امْرَأَةٌ ذَاتُ حَسَبٍ وَجَمَالٍ فَقَالَ إِنِّي أَخَافُ اللَّهَ وَرَجُلٌ تَصَدَّقَ بِصَدَقَةٍ فَأَخْفَاهَا حَتَّى لاَ تَعْلَمَ شِمَالُهُ مَا تُنْفِقُ يَمِينُهُ

 

«Жеті түрлі адамды Алла тағала оның көлеңкесінен басқа көлеңке болмайтын қиямет күні өз көлеңкесіне алады»:

-Әділ имам;

-Раббысына құлшылық етіп өскен жас жігіт;

-Мешіттерге жүрегі байланған кісі;

-Алла үшін бірін-бірі жақсы көріп, Алла үшін бас қосып, ол үшін ажыраған екі кісі;

-Әдемі әрі мансапты әйел зина жасауға шақырған кезде оған: «Мен Алладан қорқамын», - деп айтқан ер;

-Садақа беріп, оны жасырын қылғаны соншалық оң қолы бергенін сол қолы байқамаған кісі;

-Оңашада Алланы зікір етіп, көздері жасқа толып жылаған кісі[1].

 

Қиямет қайымда бұл топтағы кісілерге күннің ыстығы мен қапырығы еш зиянын бермейді.

Енді осы жеті түрлі адамға жеке-жеке тоқталып өтсек.

Хадисте айтылған имамның санатына сот, әкім, сұлтан, қолында билік бар басшы атаулының барлығы жатады. Мұнда өзінің жеке басының қамын ойлап пара алмай әділ шешім жасаған басшы көзделуде.

Мешітке жүрегі байланған кісі бір намаздан соң келесі намазды асыға күтеді. Барлық намазды жамағатпен оқып, оны уақытынан кешіктірмейді. Осы түрдегі кісілерді көздеп Алла тағала Құран Кәрімде былай дейді:

 

 

وَالَّذِينَ هُمْ عَلَى صَلَاتِهِمْ يُحَافِظُونَ

«Олар намаздарына берік болғандар»[2].

Алла үшін бір-бірін жақсы көрген достар дүние-мүлік мақсатын көздемейді. Басқа бір хадисте Пайғамбар (с.ғ.с.):

 

 

مَنْ أَحَبَّ فِي اللَّهِ وَأَبْغَضَ فِي اللَّهِ وَأَعْطَى لِلَّهِ وَمَنَعَ لِلَّهِ فَقَدِ اسْتَكْمَلَ الإِيمَانَ

 

«Кім Алла үшін жақсы көріп, Алла үшін жек көріп әрі ол үшін тыйылса, онда оның иманының кемел болғаны»[3], - дейді.

Тектілігімен, ел арасында құрметтілігімен, мал-дүниесімен танымал әйел басқа әйелдерге қарағанда адамның нәпсісіне жақын болады. Сондықтан ондай әйелмен ер адамның зинаға барып қою қауіпі жоғары. Алла елшісі (с.ғ.с.):

 

 

تُنْكَحُ الْمَرْأَةُ لِأَرْبَعٍ : لِمَالِهَا ، وَلِحَسَبِهَا ، وَلِجَمَالِهَا ، وَلِدِينِهَا ، فَاظْفَرْ بِذَاتِ الدِّينِ تَرِبَتْ يَدَاكَ

 

«Әйел адамның төрт нәрсесіне қарап үйленеді: Мал-дүниесіне, тектілігіне, әдемілігіне, дініне. Ал сен діні жақсысына жармасып ажырама. Сонда діттеген мақсатыңа жетесің»[4], - дейді. Пайғамбар (с.ғ.с.) ондай әйелді алмаған жағдайда құрдымға ұшырайсың деп айтқысы келді.

Алладан қорқу дегеніміз оның беретін азабынан қорқу. Және ол имандылықтың дәлелі. Қасиетті Құранда Алла:

خَافُونِ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ

«Егер сенсеңдер менен қорқыңдар»[5], - деген.

Алла елшісі (с.ғ.с.) садақа беретін кісіні керемет суреттеді. Өйткені сол қол оң қолға жақын болған себепті оның не істеп қойғанын біледі. Яғни, садақаны тіпті жақын адамыңнан жасырын беру керектігін ұқтыруда. Ол адам беретін садақасын адамдардың көзінен алшақ ұстап, тек Алла разылығын тілеп оның жолында жұмсайды.

Алланы пенде тілмен немесе жүрекпен еске алады. Яғни оның ұлықтығы мен құдіретін еске алып, одан қорқып жылайды. Мұнда жүрекпен еске алып зікір ету айтылуда. Құл жеке қалған кезде ойын жинақтап, адамдардың көзіне көрінбей Алланы зікір етуге ықыласты болады. Көздерден аққан жас жаратушыдан қорқуы мен иманының беріктігін көрсетеді.  Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде:

 

عَيْنَانِ لَا تَمَسُّهُمَا النَّارُ: عَيْنٌ بَكَتْ مِنْ خَشْيَةِ الله، وَعَيْنٌ بَاتَتْ تَحْرُسُ فِي سَبِيلِ الله

 

«Екі түрлі көзге тозақ оты тимейді: Алладан қорқып жылаған көз және отанын қорғап күзеткен көз», - деген.

Алла тағала баршамызды Алланың шексіз нығметіне ие болған осы топтағы адамдардың қатарынан жазсын!

 

 

Нұрбол Смағұлов

«Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы

 


[1] Бұхари 2 том 174, 144, Муслим 1712

[2] Мағариж сүресі 34 аят

[3] Әбу Дәуіттің хадис жинағы

[4] Бұхари 4802, Муслим 1466

[5] Әл-Имран сүресі 175 аят

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-10-16
510

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:366200

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:205674

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34767

Әріптес сайттар