Хафиз сөзі көбінесе Құран жаттаған кісіге немесе жалпы бір нәрсені толық жаттаған адамға қолданылатын атау. Ал енді хадис ғылымында қолданылатын хафиз сөзіне тоқталсақ, ғалымдардың бұл сөздің мағынасына қатысты көзқарастары екіге жарылған:

Бір тобы, хадистанушылардың көпшілігінің пікірінше ол сөз мухаддис сөзінің баламасы десе, екінші бір топ ол мухаддистен орны жоғары тұратын хадис ғалымы, әрі тізбектегі хадис жеткізушілерді саты-сатысымен өз білмегенінен көбірек білетін ғалым деген анықтама береді.

Араб сөздерінің басым көпшілігіне анықтама ретінде жинақталған «әл-муғжам әл-уасит» деп аталатын сөздікте мынадай түсіндірмелер беріледі:

"Хадистанушылар бойынша «хужжа» деген термин 300 мың хадисті мәтіні және тізбегімен жаттаған адамға айтылады. Әрі хадис жеткізушілерді «жарх және тағдил» тарапынан тануы әрі өмірбаянын білуі керек.

«Әл-Йауақит әд-дурар» атты еңбекте мынадай сөз айтылады:

«Маңыздысы ұстаздарға көрсетілетін құрмет пен шәкіртке қылынатын ізетті білуі керек. Хадистанушылар хадис ғалымдарын келесі деңгейлерге бөліп көрсетті:

Шәкірт: Ол білімді бастаушы. Мухаддис: «Риуаят» білімін меңгеріп, оның «дироя» ғылымымен айналысқан кісі. Хафиз: Ол 100 мың хадисті мәтіні әрі тізбегімен, тіпті әртүрлі жолмен келген хадистерді барлық келген жолымен жаттаған. Хужжа: 300 мың хадис жаттаған. Хаким: Ол бүкіл жеткізілген хадистерді қамти білген ғалым".

 

 

Хафиз дәрежесіне жеткен мәртебелі хадис ғұламаларының бірқатары:

 

Хафиз Ибн Хажар

Хафиз әз-Зәһаби

Хафиз әт-Туниси

Хафиз Ибн Асакир

Хафиз Убайди

Хафиз әл-Баззар

Хафиз әс-Салафи

Хафиз Ибн Насируддин әд-Димашқи

Хафиз Ибн Касир

Хафиз Әл-Ироқи

Хафиз Ибн Әбдулбарр

Хафиз әл-Хатиб әл-Бағдади

Хафиз әс-Собуни

Хафиз Әбу Амр әд-Дәни[1]

 

 

Дайындаған Смағұлов Нұрбол

«Нұр Ғасыр» мешіті


[1] Шарх Нухбату әл-фикәр

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-05-02
850

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:362449

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:202061

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34213

Әріптес сайттар