Хадис ғылымы ғұламалар тарапынан ең көп зерттелген ғылымдардың қатарынан саналады. Бұл ғылымды зерттеуші ғалымдардың зерттеу дәрежесіне қарай деңгейлері де болатыны анық. Сіздерге хадистану ғылымына зор үлес қосып кеткен хадис ғалымдарының түрлерін назарға ұсынамыз.

 

Мухаддис: Ғұламалардың айтуынша бұл термин хадис ғалымдарының ішіндегі ең төменгі дәрежесіне қолданылады. Ол маълул (әлсіз хадистің түрі) хадис пен басқасының[1] ара-жігін ажырата білетін хадистанушы. Хадис ғылымындағы «дироя»[2] және «риуая»[3] білімін танып-білу, хадисті үйрену және үйрету, сол ғылымда еңбек жазу жағынан алғанда Алла елшісінің (с.а.с) хадисіне ерекше көңіл бөлген адам. Әрі өз заманындағы хадис жеткізушілер мен жеткізілген хадистердің басым көпшілігінен хабардар. Сол арқылы ғұламалардың арасында кеңінен танымал болған ғалым.

Кейбір ғалымдар бұл лақаппен аталатын хадистанушыға қойылатын талаптардың ең төмені оның тізбектер мен бүркеме олқылықтарды, хадис жеткізушілердің есімдерін, хадистің «назил»[4] және «ъали»[5] түрлерін, оған қоса хадис мәтіндерін жеткілікті дәрежеде көп жаттаған, «әл-кутуб әс-ситта»[6] хадис жинақтарын, Имам Ахмадтың «Муснад», Имам Табаранидің хадис жинақтарын өз ұстаздарынан тыңдаған болуы керек деп шарт қояды. Және де ол шариғат мәселелеріне қатысты әртүрлі тақырыптарды қамтыған мың том хадис жинақтарын оқыған болуы керек.

Хафиз: Бұл лақап үлкен дәрежелі, хадис ғұламаларының арасында жоғары мәртебелі орны бар адамға тиесілі. Хафиз сөзі есте сақтау қабілеті өте жоғары, өзінің білетін хадисіндегі фиқһ (құқық) мәселесін бүге-шүгесіне дейін білетін, хадистерді мәтіні және тізбегімен жаттаған, хадис жаттаған тұлғаның сол хадисін жақсы білетініне нақты куәлік беріп, сол адамға дәлел бола алатын кісіге қойылатын атау. Өзінің жеткізген хадисіндегі фиқһ үкімдерін дәлелдей алатын хадис білгірі. Хадисті жеткізуде, оны жеткізушілерді жеке-жеке тануда саты-сатысымен кең ауқымды білген ғалым. Көптеген хадистерді жеткізушілерімен қоса танып-білгені үшін «хафиз» атанған. Хадистің мәтіндері мен тізбектерін білмейтіндеріне қарағанда белгілі бір мөлшерде өте көп біледі.

Ғұламалар бұл лақаппен аталған хадистанушыға ең азы мынадай талаптар қояды: 100 мың хадисті тізбектерімен қоса біліп, сол хадистердің жеткізушілері жайлы (өмірбаянын) өзінің білмегендерімен пара-пар алғанда көп білуі керек.

Хужжа: Жаттау, оны есте сақтаудың айрықша үлгісіне ие, адамдардың арасында хадистің «жарх» және «таъдил» ғылымдарын білуімен «құжат» деген атпен танылып, хадистерді зерттеуде кемеліне жетіп, ерекше шеберлігімен танылған тұлға. Ғалымдар осындай атаққа ие бола алатын адамға қойған талаптары: ең азы 300 мың хадисті мәтіндері және тізбектерімен бірге жатқа білуі тиіс. Бұл дәрежедегі адам хафизден жоғары санатта тұрады.

Хаким: Ол 800 мың хадисті мәтіні әрі тізбегімен жатқа білетін, әрі оны жеткізушілердің жағдайларын[7] «жарх» және «таъдил» ғылымы жағынан, олардан хадисті қабылдап немесе қабылдамауды өзгеше біле білген хадистанушы. Мәселен, осы деңгейге жеткен «Мустадрак» атты еңбектің авторы Абу Абдулла әл-Хаким ән-Нисабуриді ерекше атап өтпеске болмайды.

Амир әл-муминина фи әл-хадис: Таза сүннет білімдерін кемел деңгейде меңгеріп,  оны ерекше назарда ұстап, мәтіндерді әрі оның шыққан жері мен мағыналарын, тізбектерді әрі олардың бүркеме олқылықтарын, хадис жеткізушілерді әрі олардың хәл-ахуалын тани отырып зерттеген ғалым. Әрі сол салада ұлық абыройы мен ерекше атап өтетін ойып алар орны бар кісі. Ғалымдар хадисті зерттеуде хадистер арасында қарама-қайшылық туындаса немесе жеткізілген хадис пен хадисті жеткізушілерге қатысты мәселелерде ең алдымен осы ғалымның пікіріне жүгінетін болған. Бұл мәртебеге тек санаулы ғалым ғана лайықты болған. Олардың қатарынан табиғин ғұламаларынан саналған Имам Шуғба ибн әл-Хажжаж ибн әл-Уәрд есімді ғалымды айтсақ болады.

 

 

Дайындаған Нұрбол Смағұлов

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті


[1]Хадистің басқа да түрлері. Бұл жерде маълул хадисті бірінші орынға қойып айтып өтудің негізі – хадистің ондай түрін кез-келген адам анықтап шығарып бере алмайтынында. Яғни, бүркеме олқылығы бар хадис.

[2]Белгілі бір хадистің сол хадисті жеткізушілердің қандай тізбегімен жеткенін зерттейтін ғылым

[3] Хадистің түпнұсқасын, рас-өтірігін, оның шарттарын, түрлерін, сол түрлерінен шыққан хадис мәтінің жағдайын, хадисті жеткізушілердің жағдайын, және олардан хадистің қабылданып немесе қабылданбауын зерттейтін ғылым.

[4]Жеткізушілерінің саны аз және олар әлсіздік сипатынан ада болған әрі тізбегіндегі хадис жеткізушілер пайғамбарға (с.а.с) жақын немесе хадистанушы имам ғұламаларға жақын болған хадистің түрі.

[5]Тізбегіндегі хадис жеткізушілері басқа тізбекпен келген хадис тізбегіне қарағанда көп болған хадистің түрі

[6]Алты хадис жинағы: Имам Бухари, Имам Муслим, Имам Тирмизи, Имам Насаи, Имам Әбу Дәуіт, Имам Ибн Мәжаның хадис жинақтары.

[7] Хадисті жеткізушілер әртүрлі болады. Соған қарай хадистің дәрежесі де анықталады. Сенімді және сенімсіз, әділдік, есте сақтау қабілеті, жалған сөйлеу, өтірік айтпауы және т.б. сипаттары анықталады.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-04-29
806

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:362449

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:202061

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34213

Әріптес сайттар