Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешітке барудың артықшылығы жөнінде айтқан хадистері өте көп. Әсіресе, қасиетті жұма күні мешітке мінәжат етуге келетіндер, мешітке жүрегі «байланғандар», Алланың үйіне асығатындар, намазын жамағатпен оқуға тырысатындардың барлығын Алла зор сауаппен сүйіншілейді. Төменде тақырып аясында қамтылған біраз хадистерді ұсынамыз:

 

  • «Аллаға ең ұнамды орын – мешіт».
  • «Егер сендер бір адамның мешітке жиі баратындығын көрген болсаңыздар, соған куәлік етіңіздер және біліңіздер: ол – мұсылман».
  • «Қиямет күні Алла Тағала: «Менің көршілерім қайда?» - деп сұрайды екен. Сонда періштелер: «Сенің көршілерің кім болды, уа, Жаратқан Ием?» - дегенде, Алла: «Мешітке жиі келгендер» - дейді екен.
  • «Кімде-кім үйінде толық әдебімен дәрет алып, мешітке баратын болса, бұл кісі Алланың үйіндегі қонағы болады. Ал үй иесінің қонағына құрмет көрсетуі керек».
  • «Кімде-кім мешітке жамағат намазын оқуға баратын болса, оның (мешітке басып келген) бір қадамы үшін бір күнәсі кешіріліп, енді бір қадамының қарымтасына жақсы, сауапты іс жазылады. Мешітке барып-келгенге дейін дәл осылай жалғасады».
  • Қасиетті жұма күні келгенде мешіттің әрбір есігінде періштелер тұрып, адамдарды келген уақытымен жазып тұрады: бірінші келгенін – бірінші деп (және осылай жалғасып кете береді). Имам (құтба оқу үшін мінберге барып) отырған кезде олар ... (Алланы) еске алғанды есту үшін келеді. Және ерте келгені (Алла үшін) түйені құрбандыққа шалғанмен тең болады. (Намазға одан кештеу келгені) сиырды, (одан да кештеу келгені) мүйізі бар қойды, (одан кейін келгені) тауықты, ал одан кеш келгені жұмыртқаны құрбандыққа шалғанмен тең болады».
  • Жамағатпен бірге оқылған намаздың (сауабы) жеке оқылған намаздың (сауабынан) 27 есе артық. Кімде-кім тәртібімен дәрет алып, Алланың үйіне барса, оның (мешітке қарай басқан) әрбір қадамына бір күнәсі кешіріліп, (Жәннаттағы) дәрежесі көтеріледі. Егер ол мешітке кіріп, намаз оқыса, періштелер Жаратқаннан әлгі кісіні жарылқауын тілеп, күнәларын кешіруін, оған мейірімін төгуін сұрап, былай деп дұға етеді екен: «Я, Алла! Оны жарылқа және кешір!» Және (мешітте отырып) кезекті намаздың уақытын күтіп отырған әрбір кісіге сол намазды оқығанмен бірдей сауап бұйырады». 
  • Жан баласы қашып, құтылып кете алмайтын, адамдар жанып тұрған күннің астында тұратын және күйдіргі ыстық пен күннің көзінен тығыларға) ешбір көлеңке болмайтын Қиямет күнінде Алла Тағала жүрегі мешітке байланған адамға (Арштың) көлеңкесінен орын беруді уәде етеді.

 

islam-today.ru сайтынан аударған: nurgasyr.kz

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-03-01
1144

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:362449

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:202061

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34213

Әріптес сайттар