قِيلَ لِأَبِي بَكْرٍ الْمِسْكِيِّ : إِنَّا نَشُمُّ مِنْكَ رَائِحَةَ الْمِسْكِ مَعَ الدَّوَامِ فَمَا سَبُبُهُ ؟ فَقَالَ : وَاللهِ لِي سِنِينَ عَدِيدَةٌ لَمْ أَسْتَعْمِلِ الْمِسْكَ وَلَكِنْ سَبَبُ ذَلِكَ أَنَّ اِمْرَأَةً اِحْتَالَتْ عَلَيَّ حَتَّى أَدْخَلَتْنِي دَارَهَا وَأَغْلَقَتْ دُونِي الْأَبْوَابَ وَرَاوَدَتْنِي عَنْ نَفْسِي فَتَحَيَّرَتْ فِي أَمْرِي فَضَاقَتْ بِي الْحِيلُ ، فَقُلْتُ لَهَا : إِنَّ لِي حَاجَةً إِلَى الطَّهَارَةِ فَأَمَرَتْ جَارِيَةً لَهَا أَنْ تَمْضِيَ بِي إِلَى بَيْتِ الرَّاحَةِ – أَيْ دَوْرَةِ الْمِيَاهِ – فَفَعَلْتُ فَلَمَّا دَخَلْتُ بَيْتَ الرَّاحَةِ أَخَذْتُ الْعَذِرَةَ – أَيْ الْبِرَازَ – وَأَلْقَيْتُهَا عَلَى جَمِيعِ جَسَدِي ثُمَّ رَجَعْتُ إِلَيْهَا وَأَنَا عَلَى تِلْكَ الْحَالَةِ فَلَمَّا رَأَتْنِي دَهِشَتْ ثُمَّ أَمَرَتْ بِإِخْرَاجِي فَمَضَيْتُ وَاِغْتَسَلْتُ فَلَمَّا كَانَتْ تِلْكَ اللَّيْلَةُ رَأَيْتُ فِي الْمَنَامِ قَائِلاً يَقُولُ : ( فَعَلْتَ مَا لَمْ يَفْعَلْهُ أَحَدٌ غَيْرُكَ لَأَطِيبَنَّ رِيحَكَ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ ) فَأَصْبَحْتُ وَالْمِسْكُ يَفُوحُ مِنِّي وَاِسْتَمَرَّ ذَلِكَ إِلَى الْآنِ



Имам Әбу әл-Фараж ибн әл-Жаузи әл-Ханбали (508-597 һижрет ж.с.) былай әңгімелейді:

«Бірде Әбу Бәкір әл-Мискиден әлдебіреу былай деп сұрайды: «Біз сенің үстінен әрдайым мисктің аңқып тұратынын сеземіз. Бұның себебі не?»».

Ол сонда былай деп жауап қатады: «Алламен ант етейін, менің миск қолданбағаныма бірнеше жылдардың жүзі болды. Ал сендердің сұрап тұрғандарыңның себебі мынада:

Бірде бір әйел айлакерлік жасап мені өзінің үйіне кіргізіп алып, ішінен есігін жауып алды. Одан әрі ол мені азғырып, төсекке тартты. Мен ол жағдайдан шығудың жолын таппай қауқарсыз болдым да қалдым.

Кейін маған ой келді. Мен әлгі әйелге қажетімді өтеу үшін дәретханаға сұранғандай сынайы таныттым. Ол өз қызметшісіне мені сол жерге апаруын бұйырды. Қызметші мені онда алып келді.

Дәретханаға кіре сала мен бүкіл денеме сол жердегі нәжісті, яғни үлкен дәретті жаға бастадым. Сөйтіп сол күйімде ол әйелдің алдына қайтып бардым. Ол әйел мені көріп бір сәт абыржып қалды да, мені шығарып жіберуді талап етті.

Мен үйіме қайттым да жуындым. Сол күні түнде мынадай түс көрдім. Бір дауыс маған былай деді: «Сен саған дейін ешкім істемеген істі істедің. Мен сенің үстінен шыққан иісті осы дүниеде және мәңгілік дүниеде хош иіс қыламын». Таңертең ұйқымнан оянғанда үстімнен мисктің исі аңқып тұрғанын аңғардым. Міне, осы күнге дейін сол иіс үстімнен шығып тұрады».[1]

P.S: Бұл кісінің әл-Миски деп аталып кетуінің бірден-бір себебі осы оқиға. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Кімде-кім Аллаға шынайы тақуалық қылар болса, оған шығар жол пайда қылады»[2]. Демек, харамнан алшақ болу үшін одан безудің себептерін іздеу керек. Шешілмейтін түйін жоқ. Алладан шынайы қорқып, тақуалық қылған пендеге кез-келген жағдайдан шығар жол әсте табылады.

 

Смағұлов Нұрбол

«Нұр Ғасыр» мешіті




[1] Ибн әл-Жаузи, «әл-Мауағиз уә әл-Мәжәлис» 224 бет

[2] Талақ сүресі 2 аят

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
2017-03-29
1534

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:362449

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:202061

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34213

Әріптес сайттар