Біліңіздер! Ихтиләф (талас-тартыстар) екі түрлі болады:

  1. Бір нәрсенің түріндегі ихтиләф;
  2. Бір нәрсеге қарсы ихтиләф.

Түрдегі ихтиләф дегеніміз - ихтиләф етілген сөз немесе істің әрқайсысының хақ болуы әрі шариғатта бар болуы. Бұған мысал:

Ибн Масғудтан (Алла одан разы болсын) риуаят етіледі:

«Мен Расулулладан (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) естіген аятты бір кісінің басқаша оқығанын естідім әрі оны Расулуллаға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ертіп келіп, хабарды жеткіздім. Сонда ол кісінің жүзінде ұнатпағандықты көрдім. Сонда ол кісі: «Екеуің де жақсы істепсіңдер. Ихтиләф жасамаңдар! Әлбетте, сендерден алдыңғылар ихтиләф жасап құрдымға кеткен еді», - деді».

Әл-Бұһари риуаят еткен.

 

Бұған ұқсас ихтиләфта араздасу харам. Көбінесе бұған ұқсас ихтиләфтарда үммет ішінде араздық шығып, ұрыс-жанжал дәрежесіне дейін жеткеніне куә болғанбыз. Мысалы, қаматта кәлималарды жұп немесе тақ айту, «әминді» дауыстап яки іштей айту мәселелерінде осылай болған. Ал бұл – нағыз харам іс.

Осы түрдегі ихтиләфтарға кейбір дәлелдердің түрлі формаларда келуі, кейбір есімдерді айту несесе айтпау сияқтылар кіреді. Ашу немесе зұлым себебінен бір сөз мақталса, екіншісі жамандалады. Нәтижеде екі тараптың ортасында дұшпандық күшейіп, сөз ұрыс-жанжалға барып жетеді.

 

Қарама-қарсы ихтиләфта сөз немесе істің бірі хақ, басқасы жарамсыз болады. Бұл - өте маңызды мәселе.

Алла Тағаланың таухиді жайындағы сөздер: «Қабір азабы рас па, жоқ па?», «Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) миғражы денемен бе, әлде рухпен бе?» сияқты ихтиләфтар осыған жатады.

 

Бірінші түрдегі, яғни сөз бен нәрселердің түріндегі ихтиләфта егер араларында бір-біріне зұлымдық жасау болмаса, Құран екі тарапты да мақтаған.

Соғыстардың бірінде мұсылмандар дұшпанға пана болып тұрған құрмаларды кесу немесе кеспеу жайында ихтиләф шықты. Кейбіреулері құрмаларды кесті. Кейбіреулері кеспеді. «Кім дұрыс істеді?», «Кім дұрыс істемеді?» деген сұрақтар пайда болды. Сонда Алла Тағала:

«...құрма ағаштарын кесулерің немесе (кеспей) тамырларына тік қоюларың Алланың нұсқауы бойынша» деген аятты түсірді (Хашр сүресі, 5-аят.)

 

Алайда, екінші түрдегі, яғни қарама-қарсы ихтиләфта бір тарап мақталады, екінші тарап ұятқа қалады.

Құранда:

«Бірақ, олар қайшылыққа түсті. Сонда олардың кейбірі иман келтірді де, кейбірі қарсы шықты» (Бақара сүресі, 253-аят).

Басқа бір аятта: «Осы Раббылары жайында таласқан екі әріптес қарсы болғандарға оттан киім пішілген» (Қаж сүресі, 19-аят).

 

 

Мұхаммед Содиқ Мұхаммед Юсуф,

«Қарама-қайшылықтар. Себептер. Шешімдер»

 

Жазып алған: nurgasyr.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шетелдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы nurgasyr.kz сайтына тиесілі.

Nurgasyr.kz сайтында жарияланған кез-келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде nurgasyr.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

 

 

2017-01-25
418

Добавить комментарий