Шейх әл-Бутидің әңгімесінен:

Бұл оқиғада мен біреуге жала жауып біреу туралы ғайбат айтып және өз ойымнан жалған сөз шығарған емеспін. Егер бұған Аллаһтан қорқу кедергі болмаса, кем дегенде он адамның куә болып барлығын өздерікөзбен көріп құлақпен естігендері кедергі болар еді.

Мен бұл пікірталаста болған қатты дауыспен сөйлеп ақылға сыймайтын сөздер айтқан бауырыма қарысуын қоймаса, бұл әңгімені көпшілікке жеткізуімді ескерттім.

Аллаһ Тағала Білүші менің бұл ескертуім тек қана оны әдепке және ақылға шақыру ниетпен болғаны! Бірақ бұл адам: «Көпшілікке не жайсан соны жаймен қорықпаймын»-деп жария етті!

Мен бұл адамның есімін кім екендігін атпайын.

Бұл адам мазхабсыздыққа шақырушы оған үйрктуші емес.Ол келгенде қасына бірнеше ақиқаты іздеген, ілім талап ететін жас жігіттерді ертіп келіпті.

Мен оған қарап сөзімді бастадым:

— Сенің Аллаһтың Шариғатын қалайша түсінесін? Түсінігіңді Құран мен Сүннеттен аласын ба әлде иджтихат имамдарынан аласын ба?

— Мен имамдардың сөздеріне және дәлелдеріне қарап соның ішінен Құран мен Сүннетке жақыннын таңдап аламын.

—Сенде сирияның 5000 лиры бар дейік, сен оны алты ай сақтадың, кейін сол ақшаға тауар алып сауда жасай бастадың, сонымен бұл тауардан зекетті қашан бересің —қалған алты айдан кейін бе, әлде толық бір жылдан кейін бе?

Ол біраз ойланып:

— Сенің сұрағың бойынша сауда жасайтын дүние-мүліктен зекет беру керек ғой!

— Мен тек сұрап отырмын. Маған керегі сен өзінің ерекше әдісіңе(манхадж) сүйеніп жауап беру. Міне сенің алдыңда кітапхана бар, оның ішінде тафсир бойынша Сүннет және мұджтахитимамдарының кітаптары бар.

Ол ойланып тұрып:

—Иә бауырым, бұл деген дін сондай бір жеңіл сұрақ емес ойланып жауап беретін. Бұл үшін анализ, қайталау, зеріктеу және көп уақыт қажет, ал біз қазір басқа мәселені қарастырып отырмыз ғой.

Мен бұл сұрақтан қайтып былай дедім:

— Жарайды тамаша... Әрбір мұсылманға имамдардың сөздеріне, дәлелдерне қарап кейін Құран мен Сүннетке жақынын алу қажет пе?
— Иә.

— Бұл сонда барлық адамдар мазхаб имамдарымен иджтихатта тең және оларға қарағанда иджтихат шамалары жоғары деген сөз ғой, неге десең имамдардың арасындағы талас-тартыстарын(ихтиляф) шешіп оларға Құран мен Сүннеттен үкім шығара алатын адамның ілімі имамдардан сөзсіз жоғары болады!

— Негізінде барлық адамдарды үш түрге бөлінеді: мукаллид, муттаби және мұджтахид. Бір мазхабты басқа мазхабпен салыстыра алатын және Құранға жақынын таңдай алатын адам — муттаби. Бұл таклид пен иджтихад арасындағы орта деңгей.

— Мукаллидтің міндеті неде?

— Өзі келіскен (дұрыс санаған) мұджтахидтың артынан еру.

—Олардың біреуінің артынан ауытқымай еріп, басқасына өтпеуде кінә бар ма?

— Иә, бұны істеуге болмайды.

— Бұл тыйымның дәлелі қандай?

— Дәлелі, ол өзіне Аллаһ Тағала міндет қылмаған нәрсені міндет қылып қойды.

— Құран оқудың жеті әдісінің қайсысымен оқисың?

— «хафс»әдісімен (қыраат).

— Күнде осылай оқисың ба, жоқ әлде әр күнде әртүрлі оқисың ба?

— Жоқ, мен тек қана «хафс»-пен оқимын.

— Ал олай болса, сен неге оны өзіңе міндет қылмадың? Аллаһ Тағала Құранды тек Пайғабарымыздай (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оқуды міндет қылғанда.

— Мен басқа Құран оқу әдістерін меңгермегендіктен бұл әдіспен оқу маған жеңіл.

— Фикх ғылымын Шәфи мазхабына сай үйренген адам, сен сияқты басқа Құран оқу қырааттарын үйренне алмағандай басқа мазхабтарды меңгермеді, оған бұл имамның әдісімен дінді үйрену жеңіл болды. Егер сен оған барлық имамдардың иджтихадын меңгеруді міндет қылсаң, онда сағанда басқа Құран оқу әдістерін білу дәл солай міндет болады. Сонда сен өзіңнің әлсіздігіңмен өзіңді ақтасанонда дәл солай бұл мукаллидті де ақтауың қажет. Қалай болсада біздің айтатынымыз: бұл нәрсені қайдан шығарғансыңмукаллидқа бір мазхабтан басқаға өтуі міндет, ал Аллаһ Тағаладан ондай бұйрық болмай тұрыпдәл солай Аллаһ Тағала тек арнайы бір мазхабты ұстануға міндет қылмаған да?..
— Оған тек Аллаһтан сондай бұйрық болды деген оймен бұлжытпай таклид қылуға болмайды.

— Ал бұл мүлдем басқа. Бұл деген еш даусыз, күмәнсіз ақиқат. Ендеше тек қана бір мазхабты ұстану кінә болама, Аллаһ Тағала оған бұны бұйырды деген сенімде болмаса?

— Ол адамда кінә жоқ.

— Бірақ сен оқытып журген кітапшада сенің сөзіңе қарамақайшы нәрселер жазылып тұр. Ол кітапшада тыйым салынған, оған қоса ол жерде тек қана бір имамға бұлжытпай таклид қылушының күпірлігі (куфр) туралы жазылған.

— Бұл қай жерде жазылған?

Ол кітапшасын алып ақтара бастады, біраз ізденіп жаңағы автордың сөздерін тауып ойлана бастады: «Барлық мәселерде бір имамның артынан еретін адам — қателесуші фанатик, адасқан соқыр, дінді бөліп топтопқа жіктеген адам».

Біраздан соң ол:

— Бұл жерде автор таклидті шариғаттан келген парыз деп ойлағанды айтады. Бұл сөз толық емес.

—Оған дәлел қайда? Неге сен бұл жерде автор қателесіпті деп айтпайсын?
Қарсыласым жанағы айтылған сөздердің қате екеніне бой бермей,ол жерде жасырын мағына бар
автор қателескен жоқ деп қоймады!
Мен оған:

— Негізі сол мағынамен айтылған сөз туралы еш дау жоқ. Сондықтан бұл бекер сөз, неге десең төрт мазхабтың біреуін ауытқымай ұстану бұл шариғаттың үкімі деп білетін мұсылман жоқ. Бұлжытпай бір мазхабты ұстанған әрбір мұсылман оны өз қалауымен және өз таңдауымен жасайды.
—Қалайша? Менің білуімше және кейбір ғұламалардың айтуынша мазхаб ұстану бұл шариғаттың үкімі,сондықтан оны ауыстыру қате!..
— Маған ол адамның атын айтшы,жай адам болсын не ғұлама болсын,саған кім оны айтып жүр.

Ол үндемей қалды, менің сөздерім дұрыс болып қалуына таң қалды, бірақ өз сөзінен қайтпай “мен білетінім тек қана бұл туралы (бір мазхабтан бір мазхабқа өтуге болмайды) кей бір адамдардың айтуы ғана”деп қайталай берді...

Мен оған:

—Бірақ сондай мағынамен айтылған сөзде дау жоқ, Ондай болса ол пайдасы жоқ бос сөз, неге десең бір мазхабқа бұлжытпай еру шариғатын міндеті деп білетін мұсылман жоқ бұл дүниеде. Әрбір мазхабты ұстанатын мұсылман өз қалауымен таңдауымен жасайды.
— Қалайша? Менің естуімше кейбір ғұламалардың айтуынша бұлжытпай мазхабты ұстану бұл шариғаттын міндеттерінен, ал басқа мазхабты ауыстыруға тыйым салынған!..

— Маған ол адамның есімін айтшы, жай адам болсын, ғұлама болсын, бұндайды саған кім айтып жүр.

Ол үндемей қалды, алайда менің сөздерім дұрыс болу мүмкідігіне таң қалды, Сөз таппай білетіні тек қана кейбір адамдардың бір мазхабтан бір мазхабқа өту болмайтындығын қайталай берді.
Сонда мен оған:

—Сен бүгінгі таңда бұл жалған қиялға сенетін адамды таба алмайсын. Иә, кейбір деректерде Осман империясының соңғы кезеңінде ханафидан басқа мазхабқа өту қалыптан тыс болып саналған. Ешбір күмәнсіз бұл жағдай, егерде тарихтан жеткен деректер сахих болса, ол ақымақтық және шеттен шыққан фанатизм болады.

Және де мен:

— Мукаллид пен муттаби арасындағы айырмашлықты қайдан алдын? Бұл айырмашылық лексикалық па әлде терминологиялық па?

— Олардың арасында лексикалық айырмашылық.

Сол кезде мен оған лексикалық сөздікті алып келдіп, осы екі сөз арасындағы лексикалық парықты тауып беруді ұсындым. Ол ештеңе таба алмады, сонда мен оған:

— Абу Бакр (оған Аллаһ разы болсын) мұсылмандарға міндеттелген төлемге қарсы шыққан арабқа: «Егерде мухаджирлар разы болса,онда сендер оларға еріңдер». Бұл жерде ол «еріңдер» деген сөзді келісу мағынасында қолданған еді.

— Бұл терминалогиялық айырмашылық болсын... өзіңнің терминалогияңмен қолдануға болмайды ма?

—Әрине болады. Бірақ сенің терминалогияң бұл мәселенің мәнін өзгертпейді. Егерде сен айтып отырған муттаби, мәселенің дәлелдерін біліп және одан үкім шығару әдісін білсе, онда ол мұджтахид болады, Ондай болса егерде ол мәселенің дәлелін білмей, үкім шығару әдісінен бей хабар болса ол мукаллид болады. Егерде ол кейдір мәселелерде сондай болып, басқа жағдайларда ондай болмаса, онда ол кейде мукаллид, кейде мұджтахид болады. Қалай болмасын олай бөлу шамалы және олардың әрқайсысына қатысты ереже анық, белгілі.

— Муттаби — бұл айтылған пікірлердің, дәлелдердің арасынан дұрысын тауып, оның кейбіреулерін басқалардын арасындан шығара алатын адам. Бұл дәреже таза таклидтің дәрежесінен айырым.
— Егерде сен кезкелен мәселенің үкімін дәлелдеу, пікірлердің және дәлелдердің күшіне, не әлсіздігіне сүйеніп шығаруды айтып отырсаң онда ол иджтихаттың ең жоғарғы дәрежесі болады. Сен осы дәрежеге сайсың ба?

— Мен оны өз шамама қарай істеймін.

—Мен сенің, бір жерде бірдей үш рет берілген талақты бір талақ деген патуаңды білемін. Бұл үкімді шығарудың алдында сен имамдардың сөздеріне және дәлелдеріне қарап оларды салыстыру негізінде шығардың ба?.. Оваймір аль-Аджлани Пайғамбарымыздың оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын қасында болып «лиан» жасағаннан соң әйеліне үш рет бірдей талақ берген. Содан кейін ол: «Мен ол туралы жалған айттым иә РасулуЛлах, үш рет талақ болғаннан кейін қалайша мен оны қалдырамын». Сен бұл хадис жайлы не дейсін, осы мәселеде шығатын үкім туралы ше Мазхабтардың көпшілігі келтірген дәлел жайлы немесе Ибн Таймияның мазхабы жайлы?
— Мен бұл хадисті білмеймін.

— Ондай болса төрт мазхабтың бір ауыздан келтірген үкімін қарамай, олардың дәлелдерінің әлсіз-күштісін зеріктемей, қалайша сен джумхурға қарама-қайшы келетін пәтуа бересің?.. Мене сен осылайша өзің айтып отырған және бәріне зорлап міндеттеген қағидаңды қалдырып отырсын, — иттиба қағидасы, өзің тұжырымдаған қағидаң.
— Ол кезде менде мазхаб имамдарын және олардың дәлелдерін зеріктеуге лайықты кітабтар болмады.

— Дәледерінен ештеңе ұғынбай джұмхур мусылмандарға қарама-қайшы келетін пәтуа беруді неге соншалықты асықтың?

— Не істеу керек едім, сол кезде басқа амал болмады, пәтуа беруге мәжбүр

— Сен сол кезде имамдар мен ғұламалар істейтегенді жасай алмадың. «Мен білмеймін»- деп айталар едің ғой.Немесе сұрап тұрған адамға төрт мазхабтың не болмаса басқалардың көз-қарастарын келтіру керек едің ғой, өзіңнен пәтуа бермей. Осыған сенің шамаң жетуші еді және ол сенің міндетің еді, бұл мәселе сенің сөзсіз пәтуа шығарылытың жағдай емес ғой!.. Ал енді осы төрт мазхабқа қайшы келетін, ешбір зеріктеусіз, ұғынусыз тек өзіңнің жүрегіңе жақын деп ғана шығарған пәтуаң, бізді кінәләп отырған соқыр фанатизмның шегі.

— Мен төрт мазхабтың пікірлерін аш-Шавкяникітабында және Сайд Сабиканың«Субуль ас-салям» мен «Фикх ас-сунна» кітаптарында көрдім.
— Бұл осы мәселеде төрт имамға қарсылас болғандардың кітабы, оладың осы мәселеде барлық сөздері және дәлелдері бір текті, сен екі қарсыластың арасындағы дауды тек ғана бір жақты ғана тыңдап шығаруға дайынсын ба?..

— Мен жасаған істерімде зиянды ештеңе көрмедім. Пәтуа беруге міндетті едім, өзімнің түсінуіме қарай бердім.

— Сен өзіңді муттаби дейсің, біздер де сондай болу керекпіз деген ойдасын және сен иттибаны барлық мазхабтардың үкімдерін зеріктеп соның ішінен дұрыс дәлелі бар жағын таңдаушылық деп. Енді сен тәртібіңмен өз қағидаларыңды жоққа шығардың! Сен төрт мазхаб бір жерде бірден үш рет берілген талақ үш талақ білесің, оларда оған дәлелдері бар екендігін білесің, ол дәлелдерді зеріктемей джұмхурға қарсы шығып өз нәпсіңе ұнаған пікірді таңдадың. Ең алдымен төрт мазхабтың дәлелдері орынсыз екендігіне көз жеткіздің бе?
— Жоқ, мен оларды меңгергем жоқпын, себебі оған лайықты ақпарат болмады.

— Неге сен сабыр сақтап тоспадың? Неге асықтың? Аллаһ Тағала саған оны міндет қылмады ғой! Сенің джұмхур ғұламалардың дәлелдерін зеріктемеуің Ибн Таймиианың пікірін құптады ма? Бұл сен бізді кінәләп отырған фанатизм емес пе?

— Мен өімде бар кітаптардан жеткілікті дәлелдер көрдім, Аллах Тағала маған бұдан артық ештене міндет қылмады.
— Егерде мұсылман адам, өзінде бар кітаптардан мазхабтың үкімінне қарсыкелетін дәлелді көріп, оны ұғынбастан мазхабты қалдыру керек пе?
— Бұл оған жеткілікті!..

— Аллах Тағаланың парыздарын енді ғана тәй-тәй басып атқара бастаған, діннен бейхабар жас бала Алланың мына аяттарын оқыды:«Шығыс та батыс та Алланікі. Қай жаққа қарасаңдар да – Аллаһ. Расында Аллах барлығын қамтушы барлығын білуші» (2:115). Осы аятқа сүйеніп ол намазын кез-келген бағытта оқуға болатынын түсінді, бірақ бұл мәселеде төрт имамда бір ауыздан айтқан үкімі бойынша Қағбаға қарай намаз өтелу қажет екенін естіпті және олардың осыған дәлелдері бар екндігін біледі, бірақ оларды ол. Ол намазына тұрып не істейді екен? Сонымен ол бұл жағдайда қандай шешім қабылдау керек, өзінің түсінігіне сүйеніп өтеу кереп пе, әлде имамдардың бірдей шешімдерін қабылдау қажет пе?

— Ол өз түсінігімен жүру керек!!!

— Сонда ол намазын мысалға шығысқа қарай өтейді. Оның намазы қабыл болама?!

— Өз түсінгенімен жүру қажет болғандықтан, намазы қабыл болады!
— Ал егерде өзінің сенімі, ойлпған түсінігі,көршінің әйелімен зина жасау, арақ ішу, басқалардың мал мүлкін тартып алу күнә емес деп шығарса? Осының барлығын Аллаһ Тағала оған “өзінің түсінгені” деп рұқсат етті ме сонда?!

Ол біраз үндемей тұрып:

— Қалай болмасын сен менен сұрағаның бұл өмірде іске аспайтын мүмкін емес жағдай.

— Бұл бір қиал емес, оындай жағдайлар жиі кездесіп тұрады және осы өмірде бұдан да ғажайып нәрселеді кезіктіруге болады! Дінге жана ғана келген бауырымыз, Исламнан ілімі жоқ, Құран мен Сүннеттен де бейхабар, жаңағы аятты оқып не естіп содан әрбір арап білетін нәрсені былай түсінді: оның түсінгені адам намазда бетін кез келген жаққа қарату қате емес, басқа адамдар беттерін тек Қыбылаға қаратып тұрғанын көрсе... Мұсылмандардың арасында діннен хабары жоқ адамдар кездесетіндіктен бұндай мысалдар әдеттегі болатын жағдай. Қалай болмасын сен шығарған үкім қиалый жағдай емес, сен өз пікіріңді кез келген мәселеде үкім шығаруға негіз. Ал бұл сенің адамдарды үш топқа (мукаллид муттаби муджтахид) жүктеуіңе қайшы болып тұр.
— Ол зеріктеу жасау қажет... Басқада хадис не аят оқымады ма ол?
— Зеріктеу жасау үшін сенің талақпен сияқты қажетті ақпарат көздері басқа материалдары болмады. Және де қыбыла туралы басқа аяттарды оқымады. Сонда ол осы мәселеде имамдардың иджмасын қабылдамай өз пікірінде тұру керек пе?

— Иә, егер өзі зеріктеу жасай алмаса, онда өз пікіріне өз түсінүіне сүйену қажет

— СубханаЛлаһ, сенің аузыңнан естіген ғажайып және қауіпті сөздерді басқаларға жеткіземін!

— Мен жайлы не айтсаңда өз еркің, бірақ мен сенен қорқып тұрғам жоқ.
— Қалайша сен Аллаһ Тағаладан қорықпай тұрып менен қорқасың, егер оның: «өздерің білмесеңдер, ілім иелерінен сұраңдар» (16:43) деген аятын жоққа шығарсаң?!

Ақпарат көзі azan.kz

2017-03-29
829

Добавить комментарий