Батыр Исатай Ақжолұлы 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясын бітірген. Әкесі Ақжолдың бес парызын үйретіп, исламды танытуымен өскен Исатай мектеп жасынан-ақ дінге бет бұрған. Мектептегі оқуымен бірге қатар алып жүруге зеректігі де, зейіні де жеткен шәкірт Шымкент қаласындағы «Тура жол» мешітінің жанынан ашылған қариларды дайындайтын медреседе 4 жылға жуық уақыт оқиды.

 

Кейіннен "Иқра" қарилар медресесіне оқуға түсіп, онда 2012-2014 жылдар аралығында  оқиды. Шукрулла Қадыров, Ербол Құдабай сынды қари кісілерді ұстаз тұтып, олардан сабақ алады. Ұстаздарының қызмет бабын ауыстыруына байланысты олардың ізінен еріп, Алматы, Белбұлақ, Қаскелең, тіпті Оралға дейін барған Исатай осылайша ислам жолына түседі. 19 жасында Қасиетті Құранды толықтай жаттап шығады.

 

2012 жылдан бері мешіт ұстаздарымен, сондай-ақ медресе шәкірттерімен бірге Құранды хатым етіп келеді. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінде «исламтану» мамандығы бойынша білім алып жатқан Исатайдың исламның дамуына қосар үлесі көп болады деп сенеміз. 

2017-02-10
669

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:362449

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:202061

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34213

Әріптес сайттар