1980 жылы 20 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылында дүниеге келген.

Осы ауылда Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепте 1986-1997 жылдары орта білім алды.

1997-2001 жылдары Шымкент қаласында қарилар дайындау курстарында дәріс алып, Құран Кәрімді толығымен жаттап шықты.

2000 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тұңғыш рет ұйымдастырған республикалық Құранды жатқа оқу жарысының 30 паралық номинациясы бойынша бас жүлдесін иеленді.  

2001-2006 жылдар аралығында Ливан Республикасы, Триполи қаласындағы «Триполи» университетіндегі Шариғат факультетін «Исламтану» мамандығы бойынша тамамдады. Сонымен қатар осы қаладағы 10 қирағатты меңгерген қари ғалымдардан тәлім алып, Құранның 7 қирағатын меңгеріп шықты. Осы жылдар ішінде Ливан Республикасының діни басқармасы ұйымдастырған бірнеше республикалық жарыстарға Триполи университетінің атынан қатысып, жүлделі орындардан көрінген. Тіпті, осы елде өткен бір жарыста қажылық жолдамасын жеңіп алып, мұсылманның бесінші парызын өтеу мүмкіндігін алған.

2006-2008 жылдары Астана қаласындағы Президенттік Мәдениет орталығында ғылыми қызметкер болып қызмет атқарған.

2007-2009 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Философия кафедрасында Дінтану мамандығы бойынша магистр біліктілігін алды. «Құрандағы диалог мәселесі» тақырыбында магистрлік диссертация қорғады. Аталмыш университетте 2009-2013 жылдары «Дінтану» мамандағы бойынша дәріс беріп, оқытушы болып жасады.

2010-2012 жылдары ҚМДБ-на қарасты Астана маңындағы Қосшы елді-мекенінде орналасқан «Әбу Ханифа» қарилар дайындау орталығының директор орынбасары қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары ҚР Дін істері агенттігі «Дін мәселелері жөнінде ғылыми-зерттеу және талдау орталығының» жетекші ғылыми қызметкері, ҚР Дін істері агенттігі, Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқарманың бас сарапшысы лауазымдарында болды.

2013-2016 жылдары Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016 жылдан бері Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Ислам мәдениеті университетінің Phd докторанты, әрі осы университеттің оқытушысы.

Отбасылы, екі қыз, бір ұлы бар.

2000 жылдан бері Құран хатым өтіп жүрген толық қари

2016-11-14
3323

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:362449

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:202061

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34213

Әріптес сайттар