Есмурзаев Бауыржан Қайырбайұлы, 23.07.1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында көп балалы отбасында дүниеге келген. 1993-2001 жылдары мектеп қабырғасында білім алған.

Мектеп бітірісімен-ақ, 2001 жылы Шымкент қаласындағы «Дарул-арқам» атты Құран жаттау курсына түсіп, 2003 жылы осы орталықта Құранды толық жаттап шыққан. 2004-2005 жылдары аралығында Түркия Мемлекетінің Мерсин қаласында білім алып, 2005-2006 жылдары аралығында Египет Араб Республикасы, Каир қаласындағы «Ніл» Араб тілін үйрету орталығында араб тілі білімін жетілдірген. 2006-2009 жылдарында мешіттерде Құран пәнінен сабақ беріп келген. Б.Есмурзав Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам Мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығының түлегі.
2002 жылы Шымкент қаласында өткен облыстық Құран жарысының 10 пара бағыты бойынша бақ сынап, нәтижесінде І-орынды иеленген. 2004 жылы Алматы қаласында өткен ІІІ республикалық Құран жарысының 20 пара бағытына қатысып, бұл байқауда І-орынды жеңіп алған. 2005 жылы Түркияда медресеаралық Құран жарысының 30 пара бағытына қатысып, ІІ-орынды місе тұтқан. 2011 жылы Алматы қаласында өткен ІV республикалық Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысының 30 пара бағыты бойынша додаға түсіп, ІІІ-орынды иеленді. Үйленген, 7 жылдан бері Құран хатым түсіріп жүр.

2016-09-16
1337

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:363572

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:203107

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34673

Әріптес сайттар