Құрбанқұлов Дастан Османұлы 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Карнак ауылында дүниеге келген. 2008 жылы ауылдағы «Қарнақ» атты орта мектепте 9-сыныпты тәмамдап, орта білім алып шығады.

Діндар отбасында тәлім алған Дастан жастайынан дінге қызығып, дінді ең әуелі ата-анасынан үйренген. Кейінірек, ауылдағы имамдардан сабақ алып, мешіттен сауат ашқан. Құран жаттауға ерекше ықылас, зейін қойға ол ауыл имамдарының қолында жүріп, екі парадан аса Құран жаттайды.

Мектептегі оқуын №2 кешкі мектебінде жалғастырған Дастан сонда 10-11-сыныптарды оқумен бірге Шыңғысбай қажы мешітінің қасында ашылған қарилар дайындайтын медреседе де білім алады. Медресе ұстазы Камилдің қолында Құран жаттауға кіріседі.

 

2010 жылы Шымкент қаласындағы "Ықылас" қарилар дайындау орталығында Құран жаттауды жалғастырып, дәл осы жерде ізгі арманына да қол жеткізеді. Құран жаттау жылдарында бірнеше рет Құран жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Қарилықты бітірген соң ұстаздарының жолымен жүруді құп көрген қари жігіт Алматы, Сарыағаш және Кентау қалаларындағы мешіттерде қызмет етіп, ораза айларында Құран хатым түсіреді.

 

2011 жылы Шымкент қаласындағы «Шымкент» медресінде курс бастамасын үздік бітіріп, 2012 жылды Сарыағаш қаласы, Ынтымақ елдімекені «Сарыағаш» медресесіне оқуға түседі. 2015 жылы оны «үздік» бітіріп, «Қызыл Дипломын» қолына алады. Медреседен тәлім алған жылдары Шымкент қаласындағы Құран оқу жарыстарына және Алматы қаласындағы медресеаралық жарыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсетеді.

 

Қазір Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінде «исламтану» мамандығы бойынша білімін жетілдіріп жатқан Дастан елдегі ислам діннің көркеюіне өз үлесін тигізеді деген үміттеміз.

2017-02-23
486

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:363572

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:203107

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34673

Әріптес сайттар