Қасымалиев Бахтияр Қыдырбекұлы, 1987 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Мерке ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Мерке ауданындағы №44 орта мектептің табалдырығын аттап, 2000 жылдан бастап орта мектепті ОҚО, Шымкент қаласында жалғастырған. 2000-2002 жылдары

ОҚО, Шымкент қаласындағы Дарул-арқам Құран курсында құранды толық жаттап шыққан. 2005 жылы Алматы қаласындағы Нұр Мүбәрак Египет Ислам Мәдениеті университетіне түсіп, 2009 жылы аталмыш университеттің «Исламтанушы» мамандығын тамамдаған. Сондай-ақ, 2008 жылы Египет Араб Республикасында 4 ай практикалық тәжірбие жинақтау мақсатымен барып келген. 2009 жылдан бастап, Алматы қаласындағы ҚМДБ-на қарасты «Әбу Ханифа» медресесінде ұстаздық етуде. Бүгінгі таңда Алматы қалалық орталық мешітінің найб имамы қызметін атқаруда.
Б.Қасымалиев елімізде тұңғыш рет 2000 жылы өткен республикалық Құран жарысының 2-орын жүлдегері. 2000 жылы Қырғыстан Республикасының Астанасы Бішкек қаласында өткен халықаралық Құран жарысында барша үміткерлер арасынан суырылып шығып бас жүлдені қанжығасына байласа, 2004 жылы Сауд Арабиясы Корольдігі, Жидда қаласында өткен халықаралық Құран жарысында 4-орынға қол жеткізді. 2006 жылы Ливия Астанасы Триполи қаласында, 2009 жылы Ресей федерациясы, Мәскеу қаласында, 2010 жылы Иран Ислам Республикасы, Тегеран қаласында өткен халықаралық Құран жарыстарында бақ сынап, ынталандыру сыйлықтарына ие болған. 2011 жылы Алматы қаласында өткен ІV республикалық Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысының 30 пара бағыты бойынша бақ сынап, І-орынды жеңіп алды. Үйленбеген. Бірнеше жылдан бері құран хатым өтіп жүрген толық қари.

2016-09-03
3324

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:362458

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:202068

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі

Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) …

  Кейде ауырсақ қызуымыз...

21-09-2016 Просмотров:34362

Әріптес сайттар